Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ОБЛЫС КӨЛЕМІНДЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯ ӨТКІЗІЛДІ

ОБЛЫС КӨЛЕМІНДЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯ ӨТКІЗІЛДІ


Ағымдағы жылдың қыркүйек айының 25-27 күндері аралығында облыс көлемінде «Тәртіпсіздік пен құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілік» республикалық акциясы өткізілді.
Акцияның негізгі мақсаты – халық арасында тәртіпсіздік пен ұсақ құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру, азаматтардың құқықтық танымы мен құқықтық мәдениетін көтеру болып табылады.
Акция барысында облыс бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтары үшін 1688 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Атап айтқанда, ит пен мысықтарды асырау ережесін бұзғаны үшін – 66, ұсақ бұзақылық жасағаны үшін – 87, түн тыныштығын бұзғаны үшін – 55, қоғамдық орындарда алкогольді ішімдіктерді ішкені немесе мас күйінде жүргені үшін – 137, белгіленбеген орындарда темекі шеккені үшін – 61, кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінсіз үйден тыс жерде болғаны үшін – 88, сәулеттендіру ережесін бұзғаны үшін – 178 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сонымен бірге, акция барысында полиция қызметкерлерімен 179 мәрте құқықтық түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, атап айтқанда дөңгелек үстелдер, брифингтер, конференция және семинарлар өткізілді.
Аталған іс-шаралар барысында орта білім беру және жоғары оқу орындарының білім алушыларына, мекеме қызметкерлеріне мүлдем төзбеушілік қағидатының көздейтін мақсаты жан-жақты түсіндіріліп, қоғамдық орындарда бұзақылықтар мен вандализм көріністеріне жол бермеу бағытында профилактикалық шаралар, қоғамдық орындарды ластамауға, саябақтар мен көшелердегі жарықшамдар мен мүліктерді бүлдірмеуге шақыратын насихат шаралары жүргізілді.

29 қыркүйек 2017 ж. 1 806 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№74 (1675)

26 қыркүйек 2020 ж.

№73 (1674)

22 қыркүйек 2020 ж.

№72 (1673)

19 қыркүйек 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 11 178 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам