Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ЖЫЛУ МАУСЫМЫНДА САҚТЫҚ КЕРЕК

ЖЫЛУ МАУСЫМЫНДА САҚТЫҚ КЕРЕК

   Ағымдағы жылы облыс бойынша 380-нен астам өрт оқиғасы орын алған. Ол өткен жылмен салыстырғанда 13 пайызға өскен. Келеңсіз оқиғалар салдарынан 3 адам қаза болып, 9 адам емдеу мекемелерінің көмегіне жүгінген. Ал, биылғы жылдың жылыту маусымында да түтінге және табиғи газға улану дерегі тіркелген. Зардап шеккендердің қатарында жасөспірімдер де бар.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында төтенше жағдайлар департаментінің өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының бастығы Руслан Қайрақбаев пен қалалық төтенше жағдай басқармасының бастығы Ербол Әлішеров баяндады. Сала мамандарының айтуынша, тілсіз жаудың пайда болуына көбіне тұрғындардың өртке қауіпсіздік ережелеріне немқұрайлылық танытулары себеп екен. – Облыс аумағында тіркелген өрт дерегінің 171-і қалаға тиесілі. Оның 23 пайызы автокөлік ақауынан пайда болған. Негізі, бұл бағыттағы келеңсіз оқиғалардың 70-80 пайызынан астамы жеке тұрғын үйлерде орын алады. Себебі, тұрғындар қауіпсіздік ережелерін сақтамай, пеш жағу әрекеттері жиі кездеседі. Сондай-ақ, пеш мұржаларындағы ақаулар, олардың уақытылы тазаланбауы, сымдардың дұрыс тұйықталмауы, ашық от пайдаланудағы аңғалдық осының барлығы өрттің туындауына ықпал етеді. Әсіресе, мұндай жағдайлар жылыту маусымдарында өрши түседі. Сондықтан оған аса сақтықпен қараған жөн, – дейді Руслан Қайрақбаев. Сондай-ақ, құзырлы мекеме өкілдері жеке тұрғын үй пештерін арнайы мамандар көмегімен орнатуға кеңес береді. Айта кетейік, аталмыш сала қызметкерлері тарапынан алдағы жылыту маусымында тұрмысы төмен отбасыларға көмек ретінде пеш құрылғыларын тегін тазалап беру шаралары жүзеге асырылмақ.

Бағлан ТІЛЕУБЕРГЕНОВА.
17 қазан 2017 ж. 296 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (1495)

11 желтоқсан 2018 ж.

№92 (1494)

08 желтоқсан 2018 ж.

№91 (1493)

30 қараша 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 2 155 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам