Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » «ҚЫЗЫЛОРДА-МӘСКЕУ» БАҒЫТЫНДА АРНАЙЫ ҰШАҚ ЕНГІЗІЛЕДІ

«ҚЫЗЫЛОРДА-МӘСКЕУ» БАҒЫТЫНДА АРНАЙЫ ҰШАҚ ЕНГІЗІЛЕДІ

  Бүгінде қызылордалық «Қорқыт ата» әуежайы мен тасымалдаушы «Аэрофлот» компаниясы арасында келіссөздер жүргізілуде. Сонымен қатар, Бішкек бағытына ұшатын тұрақты рейс ашу жоспарлануда.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Ержан Әбдіхалықов мәлімдеді.
Бүгінгі таңда, әуежайдың халықаралық бағытын дамыту бойынша қарқынды жұмыстар атқарылуда. Сонымен қатар, «Қорқыт Ата» әуежайы арқылы 28 бағытта ұшақ қатынайды.
– Жыл басынан бері әуежайдан 80 мың жолаушы ұшты. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 108,7%-ға артқан, - деді облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Ержан Әбдіхалықов.
Сонымен қатар, Қызылорда қаласында жаңа әуежай терминалының құрылысы жобасын мемлекеттік-жекеменшік әріптестік механизмі арқылы іске асыру жоспарланып отыр. Басқарма «Kazakhstan Project Preparation Fund» ЖШС - мен Қызылорда қаласында өткізу қабілеттілігі сағатына 250 жолаушыны құрайтын жаңа жолаушылар терминалы құрылысының жоба тұжырымдамасы әзірленіп, тиісті мемлекеттік органдардың оң қорытындысы алынды. «Нұр Астана Кұрылыс»ЖШС-і, «High Vill Kazakhstan» ЖШС-і, «Марубэни» фирмасы (Жапония), «BM TRUST» ЖШС-і, «ARISTAN EPC» ЖШС-і конкурсқа қатысуға қызығушылық танытып отыр.
18 қазан 2017 ж. 200 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№43 (1445)

12 маусым 2018 ж.

№42 (1444)

09 маусым 2018 ж.

№41 (1443)

05 маусым 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 890 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам