Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » КОМПЬЮТЕР ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

КОМПЬЮТЕР ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

  Корея Республикасы Чолланамдо провинциясының Білім департаменті делегациясы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетіне ресми іссапармен келіп, комьютер орталығының ашылу салтанатына қатысты. Ресми делегацияның құрамында Чолланамдо провинциясының Білім департаменті әкімшілік бюросының директоры - Ли Чон Бам мырза, Чолланамдо провинциясы Білім беру департаментінің ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бөлімінің басшысы Ким Джангван мырза, сондай-ақ осы департамент қызметкері Парк Ю ханым мен Кангнам университетінің профессоры Доктор Ким Фил бар.
Айта кетейік, Корея Республикасы Чолланамдо провинциясының Білім департаменті өзара ынтымақтастық негізінде Қорқыт Ата университетітіне LG маркалы 69 компьютер сыйға тартты. Компьютерлік орталықта студенттер аралық және қорытынды бақылау жұмыстарын тапсыра алады.
Жыл сайын университеттің халықаралық қатынастары кеңейіп келеді. Университеттің халықаралық қызметі әлемдік білім беру және ғылым қоғамдастығына одан әрі ықпалдасуға бағытталған. Бүгінде Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Германия, Австрия, Испания, Италия, Польша, Корея, Түркия, Жапония, АҚШ, Ұлыбритания, Египет және Ресей мемлекеттерінің жоғары оқу орындарымен, білім беру және мәдениет орталықтарымен, жетекші ғылыми орталықтарымен әріптестік байланыс орнатып, халықаралық қатынасты дамыту мақсатында 80-нен астам меморандумдарға қол қойылған.
Жиын соңында Чолланамдо провинциясы Білім департаментінің әкімшілік бюросының директоры Ли Чон Бам Қорқыт Ата университетімен әріптестік ынтымақтастықтың одан әрі нығаюына ықпал жасайтынын айтып, университет ұжымының жұмысына табыс тіледі.


18 қазан 2017 ж. 280 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (1495)

11 желтоқсан 2018 ж.

№92 (1494)

08 желтоқсан 2018 ж.

№91 (1493)

30 қараша 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 2 132 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам