Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » WHATSAPP-ТА ЖАҢА ФУНКЦИЯ ПАЙДА БОЛДЫ

WHATSAPP-ТА ЖАҢА ФУНКЦИЯ ПАЙДА БОЛДЫ

  WhatsApp мессенджерінде жаңа функция іске қосылыпты. Енді қолданушылар өзінің дәл қазір тұрған жері туралы дерекпен бөлісе алады.Бұл туралы мессенджердің блогында хабарланды.
«Бүгіннен бастап қолданушылар кез-келген сәтте өзінің қайда жүргенін желідегі жұртпен бөлісе алады. Гео-деректер – дәл қазір қайда екеніңізді жұртқа хабарлаудың оп-оңай әдісі. Енді сіздер достарыңызбен кездесу үшін немесе қайда жүргеніңіз бен қайда бара жатқаныңызды жұртқа жеткізе аласыз. Бұл функция қосарланған шифрмен қорғалған, қолданушы өз гео-деректерімен кіммен бөлісетінін өзі бақылайды.
Функцияны кез-келген кезде өшіріп тастауға да болады.
Ал функцияны іске қосу үшін қажетті «контакт» немесе топпен чат ашып, сосын «Добавитті» және «Место/Местоположение» деген парақты ашып, «Гео-деректермен бөлісуді» таңдайсыз.
Одан кейін қолданушы өзінің гео-дерегімен қанша уақыт бойы бөлісіп тұрғысы келетінін де таңдай алады. Ең соңында «Отправитті» басады. Сонда чаттың әрбір қатысушысы сіздің жүрген жеріңізді тікелей режимде көреді. Егер топтық чатта әрбір адам өзінің гео-деректерімен бөліссе – бәрінің жүрген жерлері бір картада көрсетіліп тұрады», делінген әлгі блогтағы хабарламада.

19 қазан 2017 ж. 386 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№64 (1466)

25 тамыз 2018 ж.

№63 (1465)

21 тамыз 2018 ж.

№62 (1464)

18 тамыз 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 1 622 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам