Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҚҰТҚАРУШЫЛАР КҮНІ МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ

ҚҰТҚАРУШЫЛАР КҮНІ МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ

 Қызылорда облысында Құтқарушылар күні мерекесі аталып өтті. Кәсіби мереке аясында бірқатар іс-шаралар өткізілді.
Департаменттің және қалалық, аудандық бөлімшелердің жеке құрамына төтенше жағдайлар саласы ардагерлерімен кездесу, төтенше жағдайларда қаза болған құтқарушылардың ескерткіштеріне гүл шоқтарын қою, қызметкерлердің балалары арасында сурет салу, өлең оқу сайыстары, сонымен қатар Қызылорда қаласының орталық алаңында қала халқы мен қонақтары үшін қазіргі заманауи құтқару құрал-жабдықтары мен техникаларының көрсетілімі ұйымдастырылды.
2017 жылғы 19 қазанда «Болашақ» университетінің Студенттер сарайында Құтқарушылар күні мерекесіне арналған салтанатты жиын болып өтті. Осы ретте Төтенше жағдайлар департаментінің азаматтық қорғау полковнигі Омар Бержанов, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Әділбек Ерсұлтанов, Ресей Федерациясының азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлар және дүлей зілзалалардың зардаптарын жою ісі жөніндегі Министрлігінің №70 Федералдық өртке қарсы қызмет арнайы басқармасы бастығының орынбасары ішкі қызмет полковнигі Андрей Майданюк, «Абылайхан» атындағы колледждің директоры, саяси ғылымдардың кандидаты Руслан Дүлдүл, Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің ардагері Қорғанбек Қайруллаев және басқа да қонақтар құттықтау сөз сөйледі.
Бұдан соң Төтенше жағдайлар департаментінің азаматтық қорғау полковнигі Омар Бержанов ерекше көзге түскен қызметкерлерді ҚР ІІМ ТЖК медальдарымен, мақтау қағаздарымен және алғыс хаттармен марапаттады. Құтқарушылар күнін мерекелеу аясында түрлі іс-шаралар өткізіліп, оның қатысушылары мен жеңімпаздары салтанатты жиын барысында марапатталды.
20 қазан 2017 ж. 326 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (1495)

11 желтоқсан 2018 ж.

№92 (1494)

08 желтоқсан 2018 ж.

№91 (1493)

30 қараша 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 2 132 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам