Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ПАЛАТА ЗАҢГЕРЛЕРІ КӘСІПКЕРЛЕР ҚАРЖЫСЫН САҚТАП ҚАЛДЫ

ПАЛАТА ЗАҢГЕРЛЕРІ КӘСІПКЕРЛЕР ҚАРЖЫСЫН САҚТАП ҚАЛДЫ

 «Мемлекет тарапынан асыл тұқымды бұқаларды пайдаланғаны үшін берілген субсидия мақсатты пайдаланылмағаны үшін қайтарылуға жатады», - деген Қызылорда қалалық ауыл шаруашылығы бөлімінің ескерту хатын алған қызылордалық 3 шаруа қожалығы: «Сахаш» ШҚ, ЖК «А. Дарибаев», «Амангелді» ШҚ-ның басшылары бастапқыда бұл жағдайға түсінбей қалады. Кезінде қажетті құжаттарды мерзімінде тапсырды. Енді не болып қалды? Анау-мынау емес, мемлекетке әрқайсысы 1 млн.теңгеден астам барлығы 3 млн.984 мың теңге қайтаруы қажет екен.
Мәселеге қатысты Кәсіпкерлер палатасына құқықтық көмек сұрап келген шаруашылық жетекшілері сотта да заңды өкілі болуға өтініш білдіреді.
Кәсіпкерлер палатасының заңгері Аида Қаюповадан қиюы қиын бұл келісім-шартқа сол жыл ішіндегі шағылыстыру маусымы аяқталғаннан кейін қол қойған. Мемлекеттік орган келісім-шартқа қол қойғаннан кейін барып шағылыстыру маусымы есептеледі деп отыр, яғни келісім шартқа дейінгі шағылыстыруды ескермей отыр. Сонда алынған асыл тұқымды бұқа субсидияны орындауы үшін 3 шағылыстыру кезеңінен өтуі керек. Ал бұл зоотехникалық талаптарға сай келмейді. Осы ретте, біз ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің тиісті департаменттеріне хат жазып, түсіндірме беруін сұрадық. Мамандар егер кәсіпкер сол жылдың ішінде шағылыстыру маусымын жүргізіп және маусым өткен болса да сол жылы субсидия алған болса, аталмыш шағылыстыру маусымы қағида талаптарына қайшы келмейтіндігін жеткізді. Асыл тұқымды бұқаны шағылыстыру малды сатып алған уақыттан бастап жүргізілуіне байланысты қалалық ауыл шаруашылығы бөлімі тарапынан екі шағылыстыру кезеңін субсидиялауға келісім жасалғаннан күннен бастап есептеуі негізсіз.
Біздегі келесі мәселе шағылыстыруға қатысқан аналық сиырлардың сырғаларының жоғалғандығына қатысты болды. Бір асыл тұқымды бұқамен 30-дан аспайтын аналықты шағылыстыруға болады. Жеке кәсіпкер Дәрібаев бір асыл тұқымды бұқамен 20 аналық сиырды
Кәсіпкерлер палатасының заңгерлері шаруа қожалықтарының өтінішімен 2 ай көлемінде сотқа қатысып, нәтижесінде сот кәсіпкерлердің пайдасына қарай шешім қабылдады. Ал кәсіпкерлер өз кезегінде 3 млн.984 мың теңге қаржыларын сақтап қала алды.
20 қазан 2017 ж. 231 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№86 (1488)

13 қараша 2018 ж.

№85 (1487)

10 қараша 2018 ж.

№84 (1486)

06 қараша 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 1 984 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам