Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ЖОЛ ЖӨНДЕУ ІСІ ҚАРҚЫНДЫ

ЖОЛ ЖӨНДЕУ ІСІ ҚАРҚЫНДЫ

 Сыр өңірінде мемлекеттік бағдарламалар бойынша жол жөндеу, көпір салу ісі қарқынды жүргізілуде. Облыс көлемінде жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының ұзындығы 2338,8 шақырымды құрайды. Бүгінде көлік инфрақұрылымын дамытуға 8,7 млрд. теңге бөлініп, 165,9 шақырым жол мен елді мекен көшелері жөндеуден өткізілуде. Бұл жайында өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ержан Әбдіхалықов мәлімдеді.
– Биыл 4 көпір салу, 2 көпірге қайта жаңғырту және біреуіне күрделі жөндеуді жүргізу қолға алынды. Оған қоса 212 елді мекенді аудан және облыс орталығымен байланыстыратын 211 автобус маршруты ұйымдастырылған. Сонымен қатар, біздің өңірден Астана, Алматы, Шымкент, Жезқазған, Түркістан, Жібек жолы және Сарыағаш қалаларына 7 облысаралық автобус ұйымдастырылған, – деді басқарма басшысы.
Қалада жолаушылар тасымалы қызметінің сапасын арттыру мақсатында 2013 жылы қалалық автобус паркін жаңартудың 2014-2016 жылдарға арналған ІІ кезеңдік жобасы әзірленді. Жобаның І-кезеңінде 2014 жылы бюджет қаражаты есебінен газомоторлы замануи 20 автобус сатып алынды. ІІ-кезеңде «Байқоңыр әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ, қала әкімдігі және Еуропалық қайта құру және даму банкі арасында жасалған үш жақты меморандумның негізінде қосымша 92 автобус әкелінді.
Бүгінде аймақтың автовокзал, автостанциялар және жолаушыларға қызмет көрсету пункттері тізіміне қала мен аудан орталықтарындағы 2 автовокзал және 10 автостанса енгізілді.
– «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға байланысты Шиелі ауданының Шиелі кентінің жанындағы «Батыс Қытай-Батыс Еуропа» көлік дәлізі бойынан «Тұлпар» ЖШС-мен автостанция құрылысы салынуда. Құрылыс жұмыстары осы жылдың соңында аяқталады деп күтілуде, – деді Е.Әбдіхалықов.
Сонымен қатар, Қорқыт ата халықаралық әуежайы арқылы аптасына барлығы 28 тұрақты рейс орындалуда. Мәселен, Астанаға – 11, Алматыға – 12, Қарағанды – 1, Ақтау, Атырауға – 2 рейс қатынайды. Әуежай арқылы халықаралық және республикаішілік әуе рейстерін ашуға жұмыстар жүргізу ойда бар.
– Ал, келер жылы тағы да жаңа автобустар келуі мүмкін. Сонымен бірге Қызылорда-Жезқазған бағытындағы жолды жөндеу 2019 жылдың еншісінде, – деп аяқтады басқарма басшысы.

Ақтолқын НҰРЛЫБАЙ.
Суретті түсірген: Нұрболат НҰРЖАУБАЙ.


23 қазан 2017 ж. 353 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№86 (1488)

13 қараша 2018 ж.

№85 (1487)

10 қараша 2018 ж.

№84 (1486)

06 қараша 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 1 984 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам