Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҚЫЗЫЛОРДАДА АПАТТЫ ЖАҒДАЙДАҒЫ ҮЙЛЕРДІҢ МӘСЕЛЕСІ ТОЛЫҚ ШЕШІЛДІ

ҚЫЗЫЛОРДАДА АПАТТЫ ЖАҒДАЙДАҒЫ ҮЙЛЕРДІҢ МӘСЕЛЕСІ ТОЛЫҚ ШЕШІЛДІ


Қызылорда қаласында халықты баспанамен қамту бағытында үлкен жетістікке қол жеткізілді.
2013 жылы Қызылорда қаласында 500-ден астам отбасы жалғыз баспанасы апатты жағдайдағы азаматтар ретінде тұрғын үй кезегіне тіркелген.
Мәселені шешу мақсатында жергілікті билік тарапынан ауқымды жұмыстар жасалып, 2013 – 2016 жылдары 4 тұрғын үй пайдалануға беріліп, апатты тұрғын үйлерде тұратын 204 отбасы жаңа баспанаға қол жеткізген болатын.
Бүгін облыс әкімі Қырымбек Көшербаев және қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев 50 пәтерлі 6 көпқабатты тұрғын үйлерді пайдалануға беріп, жалғыз баспанасы апатты жағдайдағы кезекте тұрған 305 отбасына салтанатты түрде жаңа пәтерлердің кілтін табыстады.
Осы арқылы, қызылордалық апатты жағдайдағы үйлердің тұрғындары 100 пайыз жаңа пәтерлермен қамтамасыз етіліп, Қызылорда қаласында апатты жағдайдағы үйлердің мәселесі толық шешілді.
Бүгінде Қызылорда қаласында тұрғын үй құрылысы ерекше қарқын алып, халықты баспанамен қамту көрсеткіші еселеп артты.
Мысалы, соңғы 4 жылда тұрғын үй құрылысы облыс бойынша 3,5 есеге артса, қалада бұл көрсеткіш 8 есеге артқан.
Нәтижесінде жаңадан 14 шағын аудан бой көтеріп, 7 мыңнан астам қызылордалықтар баспаналы болды.
Биылғы жылы облыс орталығында барлығы 230 мың шаршы метр болатын 2 971 пәтерлік 61 көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы жүргізілуде. Олардың 957 пәтерлік 24 көпқабатты тұрғын үйі жеке инвесторлардың өз қаржысы есебінен салынса, мемлекеттік бағдарламалар арқылы 2 014 пәтерлі 37 көпқабатты тұрғын үйлер бой көтеруде.
Бүгінгі күні олардың 24 көпқабатты тұрғын үйі пайдалануға берілсе, халық қаражаты есебінен жалпы ауданы 203,8 мың шаршы метрді құрайтын 1 478 жеке тұрғын үй құрылысы салынды.
27 қазан 2017 ж. 451 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (1495)

11 желтоқсан 2018 ж.

№92 (1494)

08 желтоқсан 2018 ж.

№91 (1493)

30 қараша 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 2 123 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам