Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » «БАҒДАРЖОЛ» БАҒДАРЛАМАСЫ ЖҰМЫС ЖАСАУДА

«БАҒДАРЖОЛ» БАҒДАРЛАМАСЫ ЖҰМЫС ЖАСАУДА


Өңірде 16700 гектар болатын 139 жер учаскесі игерілмеген және заңнама нормаларын бұзған. Сондай-ақ, заңсыздыққа жол берген тұлғаларға жер салығының мөлшерін 10 есеге жоғарылату мақсатында көлемі 6800 гектар болатын 54 жер учаскесі туралы мәліметтер мемлекеттік кірістер департаментіне ұсынылды.
Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы басшысының орынбасары Қанатбек Серікбаев мәлімдеді.
«Жердің пайдаланылуы мен қорғалуына қатысты «Бағдаржол», «Жол картасы» бағдарламасы жұмыс жасауда. Бүгінгі таңда, мақсаты бойынша пайдаланбай, нысаналы мақсатын бұза отырып пайдаланып жатқан және мемлекеттік жерлерді өз бетінше иеленген жер учаскелері бар. Осындай 83490 гектар жер учаскесіне тексерулер жасалып, нәтижесінде көлемі 17 755 гектар жер учаскесінде 330 заң бұзушылық белгілі болды. Орын алған құқық бұзушылықтардың 156-на 19507,727 мың теңге көлемінде айыппұл, 88-не ескерту шарасы қолданылды», - деді облыстық жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы басшысының орынбасары Қанатбек Серікбаев.
Сонымен қатар, «Бағдаржол» бағдарламасы бойынша облыста көлемі 19 гектар жер учаскесінде 6 заң бұзушылық дерегі анықталды. Жер учаскелерінде бүлінген жерлерді қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп, заң бұзушылықтар жойылды.
27 қазан 2017 ж. 216 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№64 (1466)

25 тамыз 2018 ж.

№63 (1465)

21 тамыз 2018 ж.

№62 (1464)

18 тамыз 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 1 622 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам