Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ДАРИЯ ИІРІМДЕРІНЕ ТҮЗЕТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

ДАРИЯ ИІРІМДЕРІНЕ ТҮЗЕТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ


Түзету жұмыстарының жобалық құжаттарын әзірлеу үшін облыстық бюджеттен 62 млн теңге қаржы бөлінеді.
Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы Серік Сермағанбетов мәлімдеді.
Жобаға дария иірімдерін түзету, қорғаныс бөгеттерін нығайту, гидротехникалық құрылысты жөндеу жұмыстары енгізіледі. Барлығы 12 участок. Бұл мәселе кешегі өткен облыстық мәслихаттың сессиясында қаралып, депуттардың келісімін алды. Сондай-ақ, сессияда халықты құлақтандыру шарасына деп 27 млн теңге қаралды. Яғни, стратегиялық маңызы бар объектілерде төтенше жағдай орын алып жатса, сол маңдағы тұрғындарға ескертпелер жасалып, шұғыл түрде құлақтандыру жұмыстары жүргізіледі.
Жалпы, биылғы жылдың 9 айында 54 табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар тіркелген. Сонымен қатар, облысымызда аса қауіпті табиғи індет болып табылатын кене шағудан жұғатын Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруының алдын алу жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Биылғы жылы да облыс бюджетінен бөлінген қаржы есебінен қолайсыз 117 және қосымша анықталған 9, барлығы 126 елді мекенге көктемгі залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді. Ал, күзгі эпидмаусымда тағы да қосымша 15 елді мекен анықталып, барлығы 141 елді мекенге залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді. Облыс бойынша жүргізілген залалсыздандыру жұмыстарының тиімділігі – 99,7% құрады.
«2017-2020 жылдарға арналған «Тасқын су қатерінің алдын алу және оны жою жөніндегі шаралар кешені» жол картасы барлығы 19,3 млрд теңгені құрайтын 155 жоба енгізіліп отыр. 1-ші кезеңге 4,1 млрд теңгені құрайтын 50 жобаның 20 жобасы облыстық бюджеттен, және 3,6 млрд. құрайтын 30 жоба республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылатын болады. 2-ші кезеңге 15,2 млрд құрайтын 105 жоба қаралып отыр», - деді облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы Серік Сермағанбетов.
Сондай-ақ, өткен жылдың желтоқсан айында орын алған тасқын су салдарынан бұзылған «Жалағаш-Жосалы» автожолына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда жалпы жұмыстың 85 пайызы орындалып, аяқталуы қараша айының басына жоспарлануда.
25 қазан 2017 ж. 255 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (1495)

11 желтоқсан 2018 ж.

№92 (1494)

08 желтоқсан 2018 ж.

№91 (1493)

30 қараша 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 2 126 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам