Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » КӨЗІНЕН АЙЫРЫЛЫП ҚАЛА ЖАЗДАДЫ

КӨЗІНЕН АЙЫРЫЛЫП ҚАЛА ЖАЗДАДЫ

    Аустралиялық әйел бетіндегі бояуын дұрыс жумағаны үшін көзінен айырылып қала жаздады.

Бұл туралы Science Alert порталына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Сиднейде тұратын Тереза Линч офтальмолог дәрігерге көзінің шаншып ауыратынын айтып шағымданған. Тексеру кезінде дәрігер 50 жастағы әйелдің қабағының ішкі жағынан қара дақтарды көрген.
«Ол 25 жыл бойы кірпігіне үнемі сүрме жағып жүргенін мойындады. Және оны жиі сүртіп, жумайтын болған», – дейді дәрігер Дана Робаи.
Оның сөзінше, әйел бірнеше жыл бойы кірпігіне жағылған сүрмені кетірместен ұйықтағанда, ол үгітіліп, көздің ағы мен қабақтың шырышты қабығына сіңіп, қатып қалған.
Өз кезегінде қатып қалған сүрменің түйіршіктері көздің шырышты қабығы мен қасаң қабақты зақымдаған.
«Көзіңде үнемі құм түйіршігі тұрған сияқты болады. Ол үнемі тітіркендіреді», – дейді дәрігер.
Артынша Линчке 1,5 сағатқа созылған ота жасалып, дәрігерлер оның көзіндегі сүрменің қалдықтарын алып тастады. Нәтижесінде әйелдің қабағы мен қасаң қабағында тыртық қалып қалды.
«Әр кеш сайын беттегі бояуды дұрыстап сүртіп тастау өте маңызды. Мен мұндайға жол бермеуім керек еді», – дейді Линч.
06 маусым 2018 ж. 732 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№72 (1571)

17 қыркүйек 2019 ж.

№71 (1570)

14 қыркүйек 2019 ж.

№70 (1569)

10 қыркүйек 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 5 833 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам