Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҰЛЫ МАҚСАТ ЖОЛЫНДАҒЫ ОҢ ҚАДАМ

ҰЛЫ МАҚСАТ ЖОЛЫНДАҒЫ ОҢ ҚАДАМ

  Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» атты бас мақаласында айтылғандай, латын әліпбиі мәселесі түйінін тауып, ресми түрде жаңа бетбұрыс кезеңіне өтті.
Алда бәрімізді үлкен жұмыс күтіп тұр. Келесі жылдан бастап тиянақты іске асыруға кірісуіміз керек. Әлі жаңа әліпбидің іске асыру тетіктерін бағдарлау, ғылыми-әдістемелік жоспарын жасау, көпшіліктің кеңесін зерделеу секілді толып жатқан міндеттер тұр. Ең бастысы, тіліміздің бүкіл заңдылықтарын өзінің табиғатына сай жасап шығаруымыз керек.
Сондай-ақ, бұл маңызды іске зиялы қауым өкілдері, тілшілер қауымы жаңа әліпбидің ережелерін, оқулықтарын, мұғалімдерін дайындау ісіне асықпай, науқандатпай жұмыла кіріскені жөн. Сонымен қатар, халықаралық тәжірибені ескеріп, өз тіліміздің негізіне сүйене отырып, жаңа әліпбимен қазақи, төл дыбыстың заңдылықтарына сәйкестендіріп, бір тілдің табиғи ерекшелігіне бағындыру оңай шаруа емес.
Мемлекеттік маңызы зор бұл іргелі мақсатты орындауға бізде өз үлесімізді қосамыз деген ойдамыз. Мемлекеттік тілімізді бүкіл қоғамдық салада еркін қолданылатын дара, негізгі, әрі жұмыстың, қарым-қатынастың құралына айналдыруымыз қажет. Негізгі мақсат – Қазақстандағы әр азаматтың мемлекеттік тілді жетік білуіне жағдай жасау. Өйткені, тіліміз еркін дамыған жағдайда Қазақстан тәуелсіздігі түғырына түседі деп есептейміз. Латын әліпбиін қабылдау да осы ұлы мақсат жолындағы басты қадам болып табылады.

Аман АБАСИЛОВ,
Қорқыт ата атындағы ҚМУ-нің «Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика» кафедрасының қауымдастырылған профессоры,
филология ғылымдарының кандидаты.

30 қазан 2017 ж. 140 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№43 (1445)

12 маусым 2018 ж.

№42 (1444)

09 маусым 2018 ж.

№41 (1443)

05 маусым 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 882 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам