Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ТОЙ – ДАҢҒАЗАНЫҢ ОРНЫ ЕМЕС

ТОЙ – ДАҢҒАЗАНЫҢ ОРНЫ ЕМЕС

   Қазақ халқы тойды жақсы көреді. Оны асыға күтеді. Оған қоса «Той десе, қу бас до­ма­лай­ды» деп бар жиған-тергенді жинайды. Ол біздің ұлтымыздың ежел­ден ке­ле жатқан дарқандығын көрсетеді.

Жақында бір үйлену тойы болды. Оны жас асаба жүргізді. Содан ортаға төрде отырған жас жұбайларды шығарды. Күйеу жігіт пен қалыңдықты екі жаққа бөліп, екеуін дирижер етіп қойды. Асабаның айтқаны – заң, бірден екеуі қолын екі жаққа сермей кетті. Көз алдыңызға елестетіп көріңізші, босағаны енді аттаған жас келіннің көпшіліктің көзінше қолын сермеп тұрғаны ерсі емес пе... Ол ол ма, «Қай дирижердің тобы жеңсе, отбасында сол иелік етеді» деп қояды той басқарушы.

Одан тағы бір тойдың куәсі болдық. Мынадай бір ойын бар. Асаба ортаға 4-5 жігітті шығарады. Сөйтіп, санаулы секунд ішінде алма, ақша секілді заттарды алып келуі керек. Бір кезде қыз-келіншектердің аяқ киімін әкелуді бұйырды. Сол жерде әлгілер нәзік жандардың аяғына жармасты. Қыстың кезі болатын. Бәрі етік киіп алған. Кейбірі оны шеше алмай әлек болып жатыр. Дастарқан басында аяққа қарай жүгірген қалай болды? Арасында билеп жарыстыратын ойындар да көптеп кездеседі. Кейде жаңа құдағиларды ортаға шығарып, қайсысы мықты деп жүгіртіп қоятындары тағы бар.

    Жақында әлеуметтік желіге жігіттердің өрескел биі шығып, елді бір шулатты. Шалбарларын шешіп билеуді ешбір ұғымға сыйдыра алмадық. Қазақ қашанда ер-азаматты бір саты жоғары бағалаған. Бір ғана әдепсіз көрініс осы құндылықты жойып жібергендей әсерде қалдырды. Әрине, тағы да асабаның осалдығы байқалып қалды.

2015 жылы бір қазақтың тойы дәл осылай жұртты шулатқан еді. Ондағы ойын «Қыз домбыра» деп аталып кетті. Тойда домбыра рөлін сомдаған әйел көпшілікті таңғалдырды. Күй тартып отырған адамның кейпін танытқан жігіттің тізесіне отырып, домбыраның орнын басқан әйелді көрген үлкен-кішісі бар, бәрі мәз-мәйрам, қол шапалақтап, риза болды. Бұл да көзге сөкет көрініс. Ең өкініштісі, сол сәтте Құрманғазының күйі күмбірлеп ойнап тұрды...
Қазақ халқы үшін – қыз баласы да, домбыра да қасиетті. Бірақ, сол қасиетті өзіміз жоғалттық па?
Той туралы белгілі өнерпаз, «Мәдениет майталманы» медалінің иегері Қайрат Жәлімбетов:

– Той – көпшілік қауымның қуанышқа жиналатын орны, халықтың қазынасы. Ойын-сауықтың орны емес. Ол – тәрбиенің ордасы. Негізі, сол тойды басқаруға келген асаба да той иелерімен алдын-ала келісіп алуы керек. Той иелері де, келген қонақ та ортаға шығып, әжуа болмауы қажет. Қазақ қонағын Құдайындай сыйлаған емес пе?

Белгілі жырау Алмас Алматов «Бұрын әнді даусы барлар айтатын еді. Қазір аузы барлар айтады» дегендей, бүгінде асабалар көбейген заманда бұл тақырыпқа пікір айтудың өзі қиын екен. Бір жағынан қоғамдағы өзекті мәселе болып тұр.

–  Жазушы Әзілхан Нұршайықов «Негізі той – тәрбие бесігі» деп айтып кеткен. Алайда, дәл қазір оны ескеріп жатқан кім бар? Алабалардың арасында «Той қызықты өтсе, көпшілікті күлдіртсем болды» дейтіндері де кездеседі. Кейде ойын ұйымдастыра алмасаң, сені асаба еместей көреді. Халықтың өзі ойынды ұнататындары бар. Ал, кейбірі жақтырмай жатады. Әрине, көпке топырақ шашпаймын, – дейді асабалықпен 12 жылдан бері айналысып жүрген Берекет Әбілаев.

Иә, кей тойлар болады. Әдепсіз ойынымын емес, әдемі көрінісімен, өнегесімен есте қалады. Бұл жайында Мира есімді қала тұрғыны өз ойын былай білдірді:

– Былтыр інім үйленді. Тойға дәстүрлі әнші Үміт Медеуованы шақырдық. Ол ортаға «Қазақ жігіттері» деген әсем әнін шырқап, өзімен бірге күйеужігіт пен қалыңдықты алып шықты. Сөйтіп, жігіт басын иіп, көпшілікке құрмет көрсетсе, қалыңдыққа сәлем салғызды. Сол бір ғана ән мен көрініс меймандарға да ұнап қалды. Міне, үлкен-кішісі бар ортада сондай әдеп болуы керек. Өз басым ойындарға қарсымын, – деді.
 Халқымыз «Той – халықтың қазынасы» дейді. Расында, той елдің, ұрпақтың тағылым алатын ордасына айналуы тиіс. Оған бәріміз назар аударғанымыз артық емес.
                                                                      Ақтолқын НҰРЛЫБАЙ.
15 маусым 2018 ж. 293 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№58 (1460)

06 тамыз 2018 ж.

№57 (1459)

31 шілде 2018 ж.

№56 (1458)

28 шілде 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 1 204 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам