Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҚАЗАЛЫДА КЕҢЕС ОДАҒЫНЫҢ БАТЫРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ҚАЗАЛЫДА КЕҢЕС ОДАҒЫНЫҢ БАТЫРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

  Қазалы ауданында Кеңес Одағының батыры Үрмәш Түктібаевтың 100 жылдығына арналған мерекелік шара өтті. Бір күн бұрын батыр есімімен аталатын ауылда «Ерлік жырын жырлаймыз» атты аудандық жазба ақындар мүшәйрасы, «Мәңгі жас боп жүректерде сақталдың» атты аудандық патриоттық әндер байқауы, мерекелік гала-концерт ұйымдастырылды.
Келесі күнгі шара Орынбет ишан көшесінің ашылуымен басталып, халық жиынына жалғасты. Онда Кеңес Одағы батырының өмірі мен ерлігі туралы жан-жақты айтылып, философия ғылымдарының докторы, профессор Баймырза Қожамберлиев баяндама жасады.
Ү.Түктібаев бюстінің ашылу рәсіміне облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов, аудан әкімі Нажмадин Шамұратов бастаған ел ағалары, республика көлемінде келген мерейтой қонақтары қатысты.
Деректер бойынша, Үрмәш Түктібаев 24 жасында майданға аттанады. Екінші Прибалтика майданы 3-екпінді армия 391-атқыштар дивизиясы 1280-атқыштар полкі құрамында соғысқа қатысқан ол алғашқы кезде пулеметші, кейін пулеметшілер бөлімшесінің командирі болады. Ерлігі ескеріліп, «Қызыл жұлдыз» орденімен марапатталады. Перели үшін ұрыста кіші сержант тайсалмастан жаудың 20 әскерімен жеке айқасқа түскені туралы да деректер бар.
Қайсар жауынгер Солтүстік-Батыс майданында неміс фашистеріне қарсы кескілескен күрес кезінде жаудың бірнеше әскерін жойып, ерлікпен қаза табады. Батырдың сүйегі Латвия жеріндегі бауырластар зиратына жерленген. Үрмәш Түктібаевқа 1945 жылы Кеңес Одағы Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен қайтыс болғаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағы беріледі. Оның есімі ерлік пен өрліктің символы ретінде халқымыздың жүрегінде мәңгі ұялап қалды.
Мұнан соң қонақтар батыр мерейтойы қарсаңында абаттандырылған «Жастар» алаңымен танысты. «Ақсұңқар туар жел үшін, ержігіт туар ел үшін» атты аудандық қылқалам шеберлерінің көрмесін тамашалап, ауыл жастарымен кездесті.
Батырдың ғасырлық мерейтойына арналған салтанатты шара театрландырылған қойылыммен басталды. Р.Рүстемов облыс әкімінің құттықтауын жеткізіп, кешегі жаһан соғысында Отан үшін отқа түскен қаһармандардың биік тұлғасын ардақ тұтып, есімдерін естен шығармау – бүгінгі ұрпақтың парызы екендігін, есімі мен ерлігі Сыр елімен бірге жасап келе жатқан батыр бабамыздың мерейтойы Рухани жаңғыруға өзіндік үн қосатынын айтты.
Ауыл тұрғындары атынан ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейілхан Манауов алғысын білдірді.
Осы күні батыр құрметіне республикаға танымал облыс ақындарының айтысы өтті. Оған Серік Ыдырысов, Кенжебай Жүсіпов, Айдос Рахметов, Марат Сүгірбай, Ержеңіс Әбді, Қайрат Құлекешов, Жадыра Қазиева, Айнагүл Әбуова сынды айтыскерлер қатысты.
1-орынды алпысты алқымдаған қармақшылық ақын Серік Ыдырысов жеңіп алды. 2-орындышиелілік Кенжебай Жүсіпов иеленсе, 3-орынаралдық Ержеңіс Әбдіге бұйырды.
Сонымен қатар, майдакөлдік жас ақындар, ауылдық клуб жанындағы «Ақберен» ақындар үйірмесінің мүшелері Бекзат Серіков пен Бекзат Әбдіхалықта арнайы жүлдеге ие болды. Барлық айтыскер ақындарға қаржылай сыйлықтар табыс етілді.
Бабалар рухына құран-хатым жасалып, арнайы тігілген киіз үйлерде ас берілді. Сондай-ақ, ұлттық спорт түрлерінен сайыстар мен ауылдағы «Қасқа» төбеде ат бәйгесі ұйымдастырылды. Аламан бәйге қорытындысымен Қ.Пірімовауылынан келген МархаббатКүнтуов жеңімпаз атанып, автокөлік иеленді. Екінші, үшінші орындарды қазалылық және аралдық шабандоздар бөлісті.
Жалпы, биыл батырдың 100 жылдығы аясында баба атындағы ауылда ауқымды абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде ауылды абаттандыру жұмыстарына аудандық бюджеттен 63 млн. теңге, ауылдағы алты көшені жөндеуге облыстық, аудандық бюджеттерден 76 млн. теңге қаржы бөлінді. Бөлінген қаржыға сәйкес ауыл орталығынан «Тағзым алаңы» мен «Жастар» алаңы жасалып, батыр бабаның бюсті орнатылды.Бұл игіліктің барлығы қатерлі жылдарда Отан үшін кеудесін от пен оққа тосып, жанқиярлық көрсеткен ерлерімізге деген құрметтің белгісі.
30 қазан 2017 ж. 383 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (1495)

11 желтоқсан 2018 ж.

№92 (1494)

08 желтоқсан 2018 ж.

№91 (1493)

30 қараша 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 2 158 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам