Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ЗАҒИПТАР ҚОҒАМЫНА 80 ЖЫЛ

ЗАҒИПТАР ҚОҒАМЫНА 80 ЖЫЛ

Биыл зағиптар қоғамының құрылғанына 80 жыл. Айтулы күнді аудандық жыраулар үйінде атап өтті. Жиынды аудан әкімінің орынбасары Мәжит Сәмитұлы ашып, құттықтау сөз сөйледі. -Бұл ұйым құрамында мүше ретінде тіркелген ауданымызда 70-ке тарта азамат бар. Қоғам мүшелері өздерін мүмкіндігі шектеулі деп есептемейді. Керісінше, әрдайым бос уақыттарын тиімді өткізіп, замандастарынан қалмауға тырысады. Мемлекет тарапынан да қоғам өміріне белсене араласу үшін түрлі жағдайлар жасаланып жатыр,-деді.Мұнан соң ол қазақ соқырлар қоғамының 80 жылдығына орай қоғам мүшелеріне аудан әкімінің алғыс хаттары табыстады.
Келесі кезекте «Қазақ соқырлар қоғамы» бастауыш ұйымының Қызылорда облыстық филиалының төрайымы Бидайкүл Байманова, аудандық бастауыш ұйымы төрайымы міндетін атқарушы Күнсұлу Тоқпанова, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар, азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Зере Метеровалар құттықтау сөз сөйледі. Жиын соңында Бастауыш ұйымы корпоративтік қорының президенті Асқар Қолдабеков мерекелік жиынның өтуіне атсалысқан және демеушілік көрсеткен барша жандарға алғысын айтып, қоғам өміріне елеулі үлес қосып жүрген ұйым мүшелеріне алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды.
03 қараша 2017 ж. 409 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (1495)

11 желтоқсан 2018 ж.

№92 (1494)

08 желтоқсан 2018 ж.

№91 (1493)

30 қараша 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 2 126 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам