Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ОБЛЫСТА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

ОБЛЫСТА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

Аймақтың аудан орталықтары мен қала маңындағы елді мекендерді газдандыру «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистралды газ құбырының бойында қарастырылған бұрыптар арқылы жүзеге асырылуда.
– Биылғы жылы Қармақшы ауданы Жосалы кентінде АГТС орнатумен қоса «Бейнеу-Шымкент» магистралды газ құбырынан бұрма-газ құбырының құрылысын жүргізу үшін республикалық, облыстық бюджеттерден қаражат бөлінді. Соған орай келер жылы жобаны толығымен жүзеге асыру үшін республикалық бюджеттен 892 млн. теңге қаржы қарастырылуда, – деді өңірлік коммуникациялар қызметінде облыс әкімінің орынбасары Серік Сүлейменов.
2015-2016 жылдары «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында жылу желілерін қайта жаңғырту жұмыстарына 4 млрд. теңге бөлінді, 14,4 шақырым жылу желілері қайта жаңғыртылды. Сонымен қатар, сумен қамтамасыз ету және суды бұру бойынша 41 жобаны жүзеге асыру мақсатында ұлттық қор есебінен 11,5 млрд. теңге бөлу қолға алынды. Аталмыш бағдарлама аясында облыс бойынша 47 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Оған қоса сол жағалаудан жаңа қала салына бастады. Мұндағы 1532 гектарды құрайтын аумақ тұрғын үйлердің, сауда және офистік ғимараттардың, әлеуметтік инфрақұрылым нысандардың құрылысына арналған.
– Ағымдағы жылы облыс аумағында 228 құрылыс нысанын салу жоспарланса, 9 айдағы көрсеткіш бойынша 198-нің құрылысы басталып, қалғаны мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу сатысында болды. Сонымен бірге, жергілікті маңызы бар автомобиль жолдары мен елді мекендер көшелерін жөндеуге және көлік инфрақұрылымын дамытуға 8,716 млрд. теңге бөлініп, жалпы 165,9 шақырым автомобиль жолдары мен елді мекен көшелерін жөндеуден өткізу жоспарлануда, – деді облыс әкімінің орынбасары.
Биылғы 9 айдың қорытындысымен 85 шақырым жол жөнделіп, 2 көпірге қайта жаңғырту және 1 көпірге күрделі жөндеу жұмысы жүргізілді. Бүгінгі таңда облыс аумағында 212 елді мекенді аудан және облыс орталығымен байланыстыратын 211 автобус маршруты ұйымдастырылған. Сонымен қатар, Астана, Алматы, Шымкент, Жезқазған, Түркістан, Жібек жолы және Сарыағаш қалаларына 7 облысаралық автобус маршруты қатынауда. Ал, қаладағы жолаушылар тасымалы қызметі сапасын арттыру мақсатында 2014-2016 жылдар аралығында үлкен сыйымдылықтағы барлығы 112 жаңа автобус алынып, қызмет көрсетсе, биыл автотұрақтар, жанармай бекеті, көлік жуу алаңы және автобустарға қызмет көрсететін базасы бар автобус паркінің құрылысы аяқталды. Алдағы жылы бюджет қаражаты есебінен қосымша орта сыйымдылықтағы 150 жаңа автобус сатып алу жоспарлануда.
Баспасөз мәслихаты барысында Сырдарияның бүгінгі жайы да назардан тыс қалмады. Шардара су қоймасына секундына 771 текшеметр көлемде су түсуде, қоймадағы су көлемі 1 017 млн.м3 құрайды. Қызылорда су торабына секундына 200 текшеметр су алынса, су торабынан төменге секундына 800 текшеметр су босатылуда. ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінің ресми мәліметіне сәйкес, Нарын-Сырдария каскадында орналасқан су қоймаларының толуына байланысты алдағы күз-қыс кезеңдерінде Сырдария өзенімен төменгі ағысқа 3,5-4 мың м3/сек көлемде су жіберілуі болжануда. Осыған байланысты таяуда су тасқыны кезеңіне дайындықты пысықтау мақсатында облыс әкімінің төрағалығымен облыстық төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссияның отырысы өтіп, мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмалар берілді. Жалпы, облыс аумағындағы жағалау қорғаныс бөгеттерінің 91 қауіпті учаскесі анықталған. Қазіргі күні 63 нысанда жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары аяқталып, 12-де жалғасуда. Шардара су қоймасынан төменге мол су жіберіліп, Сырдария өзенінде су деңгейінің жоғары болуына байланысты 16 нысанда қалпына келтіру ісі әлі басталған жоқ. Сонымен бірге су тасқынына қарсы материалдық-техникалық қорлардан 113,9 тонна жанар-жағармай, 274 200 қап, 10 400 бау қамыс, 3 800 пашын, 3 600 қарабура және өзге де материалдар жасақталды. Бұл мәселелердің бәрін мамандар жіті қадағалауда.


Ақтолқын НҰРЛЫБАЙ,
Суреттерді түсірген: Нұрболат НҰРЖАУБАЙ.

06 қараша 2017 ж. 260 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№35 (1437)

15 мамыр 2018 ж.

№34 (1436)

11 мамыр 2018 ж.

№33 (1435)

06 мамыр 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 811 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам