Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ДАРИЯДА СУ ДЕҢГЕЙІ КӨТЕРІЛДІ

ДАРИЯДА СУ ДЕҢГЕЙІ КӨТЕРІЛДІ

 
Қызылорда облысының аумағында үлкен мөлшерде су келіп жатыр. Қазіргі таңда Сырдария өзінінің аумағында қауіпсіздік шаралары күшейтілген. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Қоршаған орта және су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі «Арал-Сырдария» бассейндік инспекциясының басшысы Әділхан Қарлыханов айтып өтті.
Оның айтуынша, «Тоқтағұл» қоймасындағы су көлемі 19 млрд. 340 млн. текше метр болса, «Әндіжан» қоймасындағы тіршілік көзі 1 млрд. 37 млн. текше метрге жеткен. Биыл «Бахри Точик», «Шарбақ» қоймаларында да әдеттегіден көп мөлшерде су жиналған. Ал «Шардарадан» секундына 400 текше метр су жіберілуде. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 100 текше метр су артық деген сөз.
Аудандар бойынша суды тиісті түрде бөлу мәселесін шешетін Түркіменстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Қазақстан өкілдері кіретін үлкен көлемді суды бөлу үшін мемлекетаралық су комиссиясы құрылды. 15 қарашада Ташкентте мемлекетаралық кеңес өтеді. Сол кеңесте мәселе қаралатын болады», – деді А.Қарлыханов.
Бүгінгі таңда тиісті тапсырмалар беріліп, болуы ықтимал су тасқынының алдын алу жұмыстары жасалуда. Сырдария өзенінің бөгетін нығайту және 91 қауіпті аймақты қалпына келтіру бойынша шаралар қабылдануда. Бұл жұмысқа 122 адам тартылды, 99 арнайы техника тартылды.

Жарасхан ҚУАНЫШБАЙҰЛЫ.



06 қараша 2017 ж. 98 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (1432)

21 сәуір 2018 ж.

№29 (1431)

17 сәуір 2018 ж.

№28 (1430)

14 сәуір 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 634 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам