Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ОРМАНДЫ АЛҚАПТАРДА АҒАШТАР ЕГІЛМЕК

ОРМАНДЫ АЛҚАПТАРДА АҒАШТАР ЕГІЛМЕК

 
  Аймақта 188 мың гектар болатын суармалы жерлерді қалпына келтіру мақсатында 3 жоба жүзеге аспақ. Оның ішінде 15 мың гектар және 144 мың гектарды құрайтын «Ирригация және дренаж жүйелерін жетілдіру» жобасының екінші, үшінші кезеңі аяқталады. Сондай-ақ, қолданыстан шыққан 60 мың гектар аумақтың 29 мың гектарын айналымға қосу үшін де жұмыс жасалмақ. Аталмыш 3 жоба аясында облыстық бюджеттен 594 млн. теңге қаржы бөлінген. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Н.Жолдасбаев ағымдағы жылдың 9 айында салада атқарылған жұмыстарға кеңінен тоқталды.
Суармалы жерлердегі су мен қашыртқы-дренаж жүйелері, 64 мың дана гидротехникалық құрылғылар жөнделетін болады. Агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағдарламасымен суларды жинақтау үшін Шиелі, Жаңақорған ауданы мен Қараөзек ауылында жаңа су қоймасы салынады. Жаңақорған ауданындағы апатты жағдайдағы 2 қойма қайта қалпына келтіріледі. Сонымен бірге, тасқын суларды жинақтау, сақтауда Нәнсай-Көксу, Шиелі-Телікөл, Жаңадария-Қуаңдария суландыру жүйесінде су жинау қоймасы салынбақ. Енді елді мекендерді аяқ сумен қамтамасыз етуде 7 арық тазаланып, өздігінен аяқ су бармайтын бірқатар аудандардағы каналға насос қондырғыларын орнату жұмыстары жүргізілуде.
Ал, өңірдегі балық шаруашылығы саласында қарқынды даму бар. Жалпы, аймақта Кіші Арал теңізі мен 196 су айдыны болса, оның 150-ге жуығы ұзақ мерзімді пайдалануға бекітілген. Биыл тиісті мекемелер тарапынан 7696 тонна су маржанын аулауға рұқсат етілген. Оларды өңдеу мен экспортқа шығаруда бүгінгі күні 8 балық өңдеу зауыты жұмыс жасайды. Оның үшеуі шетелге тауар айналым жасау үшін «Еврокод» санын алған. Соның нәтижесінде соңғы 3 жылдағы балық аулау көлемі 25 пайызға артып отыр. Мамандар бұған жыл сайын өткізілетін Арал теңізі балықшылары слетінің өзіндік әсері болғанын айтады. Ал, негізгі экспорттық өнімдер Ресей мен Еуропа елдеріне шығарылады. Олардың арасында қатырылған табан және көксерке филесіне сұраныс жоғары.
Орман шаруашылығы бойынша оның қорын молайту жағына баса назар аударылуда. Біздегі орман қорының жалпы көлемі 6,5 млн. гектар болса, оның 3 млн. гектары орманды алқаптар санатында. Оның негізін сексеуіл, жыңғыл өсімдіктері құрайды. Еліміз бойынша орманды алқаптарды көркейту, сақтау басты назарға алынған. Бұл ретте өңірдегі нулы алқаптардың санитарлық тазалығы 75 пайызға жақсартылған. Сондай-ақ, алқаптарды көгалдандыру мақсатында 10 707 гектар аумаққа сексеуіл, саялы ағаш көшеттері отырғызылған. Алдағы уақытта бұл шаруа жалғасын табатын болады. Себебі, өсімдіктердің шығымы жақсы нәтиже беруде. Осы орайда Оңтүстік Корея Арал теңізінің 30 мың гектар құрғаған ұлтанына фитоорманмелиорациялық жұмыстар жүргізуге қаржы бөлмек. Бұған Корея, Моңғолия, Иран және көршілес үш елдің ғалымдары, мамандары атсалысады.

Айдана СЕЙІЛ.
07 қараша 2017 ж. 155 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№35 (1437)

15 мамыр 2018 ж.

№34 (1436)

11 мамыр 2018 ж.

№33 (1435)

06 мамыр 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 811 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам