Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҚҰҚЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУҒА АРНАЛҒАН РЕЙД ЖҮРГІЗІЛДІ 

ҚҰҚЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУҒА АРНАЛҒАН РЕЙД ЖҮРГІЗІЛДІ 

 «Мәртебелі Қазақстан» қоғамдық қоры Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының тапсырысымен «Тұрғындарды құқықтық сауаттылығын арттыруға байланысты ақпараттық-насихаттық шараларды ұйымастыру» әлеуметтік жобасы аясында Қызылорда қалалық ішкі істер басқармасы жергілікті полиция қызметінің ювенальды полиция бөлімшесінің бастығы полиция подполковнигі Эльмира Бектемір, ОІІД Әкімшілік полициясы басқармасының аға инспекторы полиция капитаны Әбунасыр Өтегенов, ОІІД Жергілікті полиция қызметінің бөлімше бастығы полиция подполковнигі Амангелді Бақытжанов және білім саласы қызметкерлерімен бірлесе отырып түнгі рейдке шықты.
Рейд қала күні мерекесі қарсаңында жастар көп жиналатын орындар мен орталық алаңда, сондай-ақ сол маңда орналасқан компьютер орталықтары, кафелерде жүргізілді. Шара барысында ата-анасынан адасып қалған 2 бала полиция бөлімшесіне жеткізіліп, ата-анасына тапсырылды. Шара кезінде жоғарыда аталған мамандар жасөпірімдер және ата-аналарына олардың құқықтары және заңнамалардың талаптары туралы түсініктер берді.
Ал 27 қыркүйек күні Қызылорда қаласы Тасбөгет кентіндегі С.Майқанова атындағы мәдениет үйінің оқу залында түрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың мамандандырылған ауданаралық соты мен мамандары, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, еңбек саласындағы бақылау басқармасының, кәсіпкерлер палатасы өкілдерінің қатысуымен алдағы уақытта жүргізілетін кеңес беру шараларын тиімді жүзеге асырудың жолдары қарастырылды.
03 қазан 2017 ж. 1 015 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№72 (1571)

17 қыркүйек 2019 ж.

№71 (1570)

14 қыркүйек 2019 ж.

№70 (1569)

10 қыркүйек 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 5 771 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам