Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » «АҚМАҢДАЙЛЫМ» ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРҒА ҚОЛДАУ БІЛДІРДІ

«АҚМАҢДАЙЛЫМ» ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРҒА ҚОЛДАУ БІЛДІРДІ

  Қазалы аудандық мәдениет Орталығы КСРО Халық әртісі, Халық қаһарманы Роза Бағланованың 95 жылдығына арналған «Ақмаңдайлым» IІІ республикалық әншілер конкурсын ұйымдастырды.
Бұл шара облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығы мен Қазалы ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қолдауымен өткізілді.
Байқауға Астана қаласы, Алматы, Қарағанды, Атырау, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қызылорда облыстарынан 20 талапкер қатысты.
Сынға түскен әншілердің өнеріне баға беру үшін құрылған қазылар алқасының құрамында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Кеңес Дүйсекеев, Қазақстан республикасының мәдениет саласының үздігі, Қызылорда қаласы әкімі ансамблінің көркемдік жетекшісі Сәбит Ұлықпанұлы, «Сыр сандуғаштары» балалар вокалдық тобының жетекшісі, Қызылорда облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығының музыка бөлімінің жетекшісі Бағдагүл Есмұрзаева, Қазақстан компазиторлар одағының мүшесі, Қазақстан республикасының мәдениет қайраткері Сәукен Әліш және бүкіл одақтық байқаулардың лауреаты, Қазақстан республикасының мәдениет саласының үздігі Арман Әуез болды.
Байқаудың талабы бойынша бірінші кезеңде әнші Р.Бағланованың репертуарындағы әндерден бір ән, екінші кезеңде заманауи жазылған қазақстан компазиторларының бір әнін орындайды.
Байқаудың қорытындысы бойынша бас жүлдені Оңтүстік Қазақстан облысынан Мағжан Әлтенбаев иеленсе, Қармақшы ауданынан Арайлым Маханбетжанова І орынды, Қызылорда қаласынан Салтанат Әбдіқали, Қазалы ауданынан Айсәуле Қияс пен Жеткерген Мадияр ІІІ орынды иеленіп бағалы сыйлықтармен марапатталды.
09 қараша 2017 ж. 204 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№58 (1460)

06 тамыз 2018 ж.

№57 (1459)

31 шілде 2018 ж.

№56 (1458)

28 шілде 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 1 216 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам