Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ТАРИХ ТАҒЫЛЫМЫН ТАНЫТА ТҮСТІ

ТАРИХ ТАҒЫЛЫМЫН ТАНЫТА ТҮСТІ

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын толық оқып шықтым. Мақалада халқымыздың сонау этнос болып қалыптасқалы бергі жүріп өткен өркениет жолы мен мәйекті мәдениеті, тұнба шежіресі мен тағылымды тарихы туралы кеңінен баяндалады. Бір айта кетерлігі, мақала тілге өте жеңіл, қарапайым тілмен өрнектеліп, көпшілікке ұғынықты етіп жазылған. Әрі, өте қызықты деректермен бөлісе отырып, оның халық болып қалыптасу жолындағы ықпалын, көшпенділер мәдениетінің бүкіләлемдік өркениеттің бастауы екендігін тарихи дәйектер мен қарапайым мысалдар арқылы нақтылай түскен. Кейінгі жылдары табылған тарихи жәдігерлер біздің бабаларымыздың өз заманындағы ең озық, ең үздік технологиялық жаңалықтарға тікелей қатысы бар екенін, олардың Ұлы даланың жаһандық тарихтағы орнына тың көзқараспен қарауға мүмкіндік беретінін де салмақтап жеткізеді. "Қазақтың кейбір ру-тайпаларының атаулары «қазақ» этнонимінен талай ғасыр бұрын белгілі болған. Осының өзі біздің ұлттық тарихымыздың көкжиегі бұған дейін айтылып жүрген кезеңнен тым әріде жатқанын айғақтайды" деген сөзі ұлт тарихының сонау біз шамалап жүрген уақыттан да тереңде жатқандығын аңғартады.
Ал, мақаланың "Ұлт тарихындағы уақыт пен кеңістік" пен "Тарихи сананы жаңғырту" атты екі бөлімінде өткен өркениет ғасыры мен келешекті тарихпен байланыстыру жолын тайға таңба басқандай етіп жазған. Алғашқысында атқа міну мәдениеті, металлургия, аң стилі сынды тарихи тұжырымдарға тоқталса, соңғысында біздің дүниетанымымыздың, халқымыздың өткені мен бүгінінің және болашағының іргелі негіздеріне тікелей қатысты бірнеше ірі жобаларды қолға алу керектігін тілге тиек етеді. Сондықтан ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі кезеңді қамтитын барлық отандық және шетелдік мұрағаттар дүниесіне елеулі іргелі зерттеулер жүргізу үшін «Архив-2025» жеті жылдық бағдарламасын жасауды ұсынады. Оны жүзеге асыру барысында тарихшылардан, деректанушылар мен мәдениеттанушылардан құрылған арнайы топтардың отандық және шетелдік ірі архивтермен өзара жүйелі әрі ұзақ мерзімді ықпалдастықта болып, іздеу-зерттеу жұмыстарын жүргізуіне баса мән беру керек екендігін алға тартады.
Тұтас ұлт тарихының бағалануы әрі өміршеңдігі үшін осындай маңызды деген көрсеткіштерді атап өткен Елбасы жоғарыда аталған жобаларды «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы ретінде қарастыратынын жеткізді. Өз кезегінде біз де аталмыш бастамалардың "Рухани жаңғыру" бағдарламасы секілді өте қарқынды түрде жүзеге асады деп сенеміз.
Есенжол НАЗАРОВ,
«Нұр Отан» партиясы «Тұран» филиалы төрағасының бірінші орынбасары.
21 қараша 2018 ж. 614 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№72 (1571)

17 қыркүйек 2019 ж.

№71 (1570)

14 қыркүйек 2019 ж.

№70 (1569)

10 қыркүйек 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 5 833 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам