Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ӨМІРДІ ҰЗАРТУ ҮШІН КҮНІНЕ 20 МИНУТ ТА ЖЕТКІЛІКТІ

ӨМІРДІ ҰЗАРТУ ҮШІН КҮНІНЕ 20 МИНУТ ТА ЖЕТКІЛІКТІ

Жүрек аурулары мен басқа да қатерлі ауруларды болдырмау үшін спортзалда жиі жаттығу міндетті емес. Күніне кемінде 20 минутыңызды денені ширатуға бөлсеңіз, көптеген аурудан сақтанасыз.

Канада ғалымы Скотт Лир бастаған зерттеушілер жеті жыл бойы физикалық белсенділік, жүрек-қан тамырлары аурулары мен өлім-жітімнің жалпы деңгейі жөнінде деректер жинаған. Олардың зерттеуіне 35-70 жас аралығындағы 17 елден 130 мыңнан астам адам қатысқан.
Ғалымдар аптасына кем дегенде 150 минут дене жаттығуын жасайтын адамдардың денсаулығы басқаларға қарағанда мықтырақ екенін анықтады. Себебі бұл жағынан белсенді адамдар инфаркт, инсульт сияқты жүрек-қан тамырлары ауруларынан аулақ болады, өлімге душар ететін басқа да себептер азаяды.
Аптасына бар болғаны 2,5 сағат қимылдаудың өзі жастай өлу қаупін 28%-ға, ал жүрек ауруларының пайда болуын 20%-ға төмендетеді.
Тағы бір басты нәрсе – физикалық белсенділіктің түрі маңызды емес. Скотт Лирдің пайымдауынша, денсаулық үшін ақша төлеу міндетті емес. Үй шаруасы болсын, физикалық еңбек не жаяу серуен болсын, кез келген белсенділік мезгілсіз өлім мен жүрек ауруларын болдырмайды.
Дене шынықтыруға мүмкіндіктің көбейгеніне және фитнестің насихатталуына қарамастан қазіргі заман адамының қозғалысы күннен күнге сиреп барады. Көпшілік машинамен жүреді, уақытының көп бөлігін экран алдында өткізеді. Сол себепті созылмалы ауруларға шалдыққандар мен артық салмақты адамдар саны тез көбейіп жатыр.



Спортқа уақытыңыз болмаса, денені қалай ширатуға болады?
Спортпен айналысу үшін уақыт пен қаражат тапшы дерсіз. Алайда 20 минут жақсылап қозғалу үшін жүгіруге арналған кроссовка мен спортзалға абонемент алудың қажеті жоқ.
Скотт Лир Торонто университетінің профессоры Майк Эванстың аз қимылдайтын адамдарға арналған мынадай кеңесін ұсынады:
  1. Іскерлік кездесулерді серуен ретінде жоспарлаңыз.
  2. Егер жұмысқа қоғамдық көлікпен қатынайтын болсаңыз, бір аялдама ерте түсіп, жаяу жүріңіз.
  3. Түскі үзіліс кезінде бір жерде отыра бермей, әрі-бері жүріңіз.
  4. Дүкенге машинамен баруды қойып, жаяу жүріп қайтыңыз.
  5. Егер машинамен жүрсеңіз, көлікті баратын жеріңізден алысырақ жерге қойыңыз.
  6. Лифтті қолданбай баспалдақпен көтеріліңіз.
Скотт Лирдің айтуынша, зерттеуге қатысқандардың дені күнделікті өмірінде жаяу көп жүріп, жұмыста жіті қозғалған, үй шаруасын көп істеген.
Үнемі қимылдап жүру – күйзеліспен күресудің таптырмас амалы.
Мен жұмыстан велосипедпен қайтамын. Бұл менің бір күнде алған стресімнен арылуға жақсы көмектеседі. Машинада отырып, көше қозғалысын бақылаумен келгеннен гөрі велосипед айдасам, үйге әлдеқайда сергек боп келемін, – дейді Скотт Лир.
Бір аялдама жаяу жүру, баспалдақпен екі рет көтеріліп-түсу, кинотеатр немесе кафенің орнына кешкі серуен – осыларды ғана орындауға күніне кем дегенде 20 минутыңызды бөлсеңіз, түрлі кеселден аман болып, өміріңізді ұзарта аласыз.

baribar.kz




21 қараша 2018 ж. 475 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№72 (1571)

17 қыркүйек 2019 ж.

№71 (1570)

14 қыркүйек 2019 ж.

№70 (1569)

10 қыркүйек 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 5 833 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам