Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » НАЗЕРКЕ – "БАЛА ДАУСЫНЫҢ" ЖЕҢІМПАЗЫ

НАЗЕРКЕ – "БАЛА ДАУСЫНЫҢ" ЖЕҢІМПАЗЫ

   Бірнеше жылдан бері қазақ сахнасына жаңа леп әкеліп жүрген жобалардың бірі – «Бала дауысы» ән байқауы.
Жасөспірімдер байқауы биыл да жоғары деңгейде өтті. «Жандану әлемі» қорының бірегей жобасы – ұлттық «Бала дауысы» ән байқауына іріктеу сайысы еліміздің барлық өңірінде өткізілді. Ұлттық додада біздің облыстан барған Назерке Шамбілова грант-при иегері атанды.
Бүгінде Өз өнерімен байқаудың қазылар алқасының көңілінен шыққан жас та, дарынды әнші қыз Байқоңыр қаласының №275 мектебінде 7-сынып оқиды. Ән байқауына талаптанып, қатысуға да өзі шешім қабылдаған екен.
Ерекше сүйкімділігімен көрерменді баурап алған Назерке отбасындағы 7 баланың ішінде өнерге құштар болған көрінеді.
− Қызым ән айту десе, ішкен асын жерге қояды. Кішкентайынан халық алдына шығып, өнер көрсеткенді жақсы көреді. Бұл байқауға да өзі дайындалды. Іріктеу кезеңінде елімізге танымал «Қорқыт-Қобыз», «Туған жер» әндерін айтып, жарыстың келесі сатыларына жолдама алды. Байқау төрешілерінің ішінен Әсет Арыстанбек оны бірден байқап, тәлімгер болуға ниет білдірді, − дейді анасы Анар Серікбаева.
Назерке мұнан бөлек, Байқоңыр қаласында өткен байқауда, Алматыда өткен республикалық додада бас жүлде, облысымызда өткен «Бозторғай» байқауында II орын иеленген.
− Бос уақытымда әннен бөлек би үйірмесіне қатысамын. Болашақта еліміздің өнер саласына өз үлесімді қосып, Қазақстанды халықаралық деңгейде танытқым келеді. Мұнымен тоқтап қалмаймын, әлемдік додаларда бағымды сынап, өнер көрсетсем деген жоспарым бар. «Бала дауысы» байқауының жеңімпазы атанғаным әуелі Алланың, содан кейін осы Сыр өңірі халқының арқасында деп білемін. Олар маған қолдау көрсетіп, дауыс берді. Жерлестеріме алғысым шексіз. Байқауда мен Бритни Спирстің «Baby» әнін, қазақстандық «Тыңда», сондай-ақ, жетекшім, «Алау» тобының әншісі Әсет Арыстанбекпен бірге «Қанекей тілім сөйлеші» әнін орындадым. Осылайша қазылар алқасы мен көрермендердің алғысына бөлендім. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген жас әншілердің басын қосқан байқаудан бас жүлдені жеңіп алу оңай болмады, − дейді жас әнші. Ұлттық байқауға жеңімпазының бойынан батылдықты, өнеріне деген сүйіспеншілікті, алға жетелейтін адал арманын байқадық.
Жоба жайлы айта кетсек, «Бала дауысы» – 7-13 жас аралығындағы мектеп оқушылары арасында өтетін ұлттық байқау. Биыл республика көлемінде екінші рет ұйымдастырылды. Осыған орай мамыр-қыркүйек аралығында байқауға барлық облыстан, талантты өрендер іріктелді. Әр аймаққа қазақ эстрадасында өзіндік орны бар әншілер тәлімгер ретінде барды. Музыка майталмандарының шешімімен ақтық мәреге 18 балаға жолдама берілген еді.
«Құлақтан кіріп, бойды алар, жақсы ән мен тәтті күй. Көңілге түрлі ой салар, әнді сүйсең менше сүй» деп Абай атамыз айтпақшы, ән өнері – ұлттық дәстүріміздің жалғасы. Музыка әлеміне енді ғана қадам басып келе жатқан Назеркенің болашағынан өнер сүйер көпшілік үлкен үміт күтеді. Әнді жүрегімен, нақышына келтіріп орындап жүрген жас әнші қыз әлі талай белесті бағындыратынына сеніміміз мол.

Жарасхан ҚУАНЫШБАЙҰЛЫ.

13 қараша 2017 ж. 172 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№51 (1453)

10 шілде 2018 ж.

№50 (1452)

06 шілде 2018 ж.

№49 (1451)

03 шілде 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 1 114 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам