Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » АЛАЯҚТЫҚ – АРҒА СЫН

АЛАЯҚТЫҚ – АРҒА СЫН

  Аймақта жыл басынан бері 594 алаяқтық қылмыс тіркелген. Дегенмен, бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда 17,2 пайызға азайып отыр. Мамандар оның 95,9 пайызы немесе 477 ашып, оған тиісті шара қолданған.
Біздің өңірдегі алаяқтық қылмыстың басым көпшілігі қарызға ақша алып қайтармағандар мен несие алып беремін дегенге алдағандарды құрайды. Сондай-ақ, жұмысқа тұрғызу, оқуға түсіру секілді жағдайлар да негізгі себептердің қатарында саналады. Мәселен, осыған байланысты биылдың өзінде 176 қылмыс тіркелген. Сонымен қатар, бүгінде интернет желісі, ұялы телефон арқылы сенімге кіріп, есеп шотына ақша салдыратындар да жиі кездесуде.
Қарап отырсақ, бұл қылмыстардың дені – кейбір адамдардың оңай жолмен пайда табудан арланбайтындығынан туындап отырған жәйт. Кейбір адамдар өз шаруасын реттеу үшін сабылып жүргісі келмейді. Қандай мәселені де ақшамен шешкенді дұрыс көретіні рас. Сондай-ақ, кезектен тыс жер, пәтер алу секілді жағдайларға байланысты тамыр-таныс іздейді.
Осыған орай облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз орталығында өткен баспасөз мәслихатында алаяқтық қылмыстардың алдын-алу, анықтау және болдырмау бағытында әңгіме өрбіп, бұл мәселе жан-жақты талқыланды. Оған аталған департаменттің криминалды полиция басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Нұрбол Сәден, тергеу басқармасы бастығының орынбасары, полиция майоры Сәкен Сыздық қатысты.
– Жыл басынан бері алаяқтық жасағаны үшін 244 адам ұсталып, оның 122-не қатысты қылмыстық іс айыптау қорытындысымен сотқа жолданды. Ал, екі жақтың келісіміне байланысты тең жартысына жуық бөлігін құрайтын қылмыстық іс қысқартылды. Бір өкініштісі, күдіктілердің басым көпшілігі – әйелдер. Бұл олардың сенімге кіру мүмкіндігі жоғары екендігін, тұрғындардың ерлерге қарағанда әйелдерге көбірек сенетіндігін аңғартады. Есепті мерзімде тіркелген алаяқтықтың 131-і ашылмауда. Оған себеп – жәбірленушілердің кеш арыздануы. Мәселен, бүгінге дейін 157 азамат құзырлы органдарға кеш келген. Соңғы кезде бұл қылмыстардың алдын алу, болдырмау бағытында түрлі іс-шаралар атқа¬рылуда. Атап айтсақ, халыққа қызмет көрсету орындары мен базарларда, сауда орталықтарында плакаттар ілініп, жадынамалар таратылды. Сонымен қатар, жұртшылықты алаяқтардан сақтау үшін бірнеше рет қылмыс жасаған тұлғалардың фото бейнелері интернет желісі арқылы халыққа көрсетілді, – деді Нұрбол Әбдіғалиұлы.
Сондай-ақ, аймақта мал ұрлығы азаймай тұр. Осы жылдың өзінде 480 мал жоғалған. Оның 267-і өрістен, 213-і қорадан ұрланған. Биыл бұл көрсеткіш былтырғымен салыстырғанда 15,8 пайызға төмендеп отыр. Айта кету керек, өткен жылы облыс бойынша 73 адамнан тұратын 22 қылмыстық топ құрықталған. Қазіргі кезде солармен жасалған 21 эпизод құрайтын қылмыс анықталды. Ал, 46 адам әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылып, 12 қылмыскер шартты түрде сотталды. Ал, ұрланған малдың 72-і жәбірленушіге қайтарылып, тергеу жүргізу кезінде күдіктілерден 288 малдың құны өндірілді.
– Бүгінде ішкі істер органдары мен ветеринария мамандары бірлесіп, мал базарларда күнделікті рейдтік шаралар ұйымдастыруда. Ондағы басты мақсат – әрбір автокөлікпен сатуға алып келген малдардың қай жерде сойылғанын, қандай ет екенін, паспортын анықтау. Сондай-ақ, қазір аймақта барлық мал сою орындарына сақтау мүмкіндігі бар бейнекамералар орнатылған. Соңғы кезде республика бойынша ауқымды бірнеше рет «Мал ұрлаушы», «Соғым», «Құрық» жедел іс-шаралары өткізіліп келеді, – деді Сәкен Сыздық.

Ақмарал ОЛЖАБАЕВА.

13 қараша 2017 ж. 160 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№35 (1437)

15 мамыр 2018 ж.

№34 (1436)

11 мамыр 2018 ж.

№33 (1435)

06 мамыр 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 811 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам