Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҚҰДАЙБЕРГЕН САРЖАНОВ - «ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ»

ҚҰДАЙБЕРГЕН САРЖАНОВ - «ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ»


Құдайберген Саржанов Сыр өңірінде абыроймен еңбек етіп, халық мүддесі жолында аянбай тер төккен азаматтарымыздың бірі, есімі еліміздің балық шаруашылығы саласының дамуымен тікелей байланысты аталатын мемлекет және қоғам қайраткері.
Арал ауданында 1937 жылы дүниеге келген ол аймақта балық шаруашылығының дамуына үлкен үлес қосты, Қазақ ССР Балық шаруашылығы министрі қызметін атқарды.
Теңіз жағалауынан ел үдере көшкен тоқсаныншы жылдары Қапшағайдың «Толқын» деген балықшы ауылын құрып, оған Арал балықшыларын көшірген бас¬тамасы ел қамы үшін жасалған ерлікпен пара-пар іс болды.
Құдайберген Саржанұлы балықшылар ауылында әлеуметтік нысандар, тұрғын үйлер салуға мұрындық болып, Арал, Балқаш проблемалары жөніндегі халықаралық қоғамдық комитетінің мүшесі ретінде өңірдегі экологиялық проблема салдарынан азаматтардың қорғалуын қамтамасыз ететін заң шығаруға үлкен үлес қосты.
Атакәсіптен қол үзбеген ардагер 2003 жылдан бері «Шарткен ата» қоғамдық бірлестігін құрып, «Қызыл» кітапқа енген Арал қаязы шабағын өсіріп, бағалы балық тұқымын қайта қалпына келтіру бағытында еңбек етіп келеді.
Күллі өмірін туған жерді түлетуге арнап келе жатқан ардақты азамат Арал қаласында «Балықшылар мұражайын» ашуға бастамашы болды. Сонымен бірге «Аралдың айтылмаған ақиқаты» атты мазмұны бай кітап та жазып шығарды.

15 желтоқсан 2018 ж. 458 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№72 (1571)

17 қыркүйек 2019 ж.

№71 (1570)

14 қыркүйек 2019 ж.

№70 (1569)

10 қыркүйек 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 5 827 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам