Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қызылордада парадзюдодан халықаралық турнир аяқталды

Қызылордада парадзюдодан халықаралық турнир аяқталды


Қызылорда қаласында парадзюдодан халықаралық турнир аяқталды. Оған Грузия, Румыния, Ресей, БАƏ, АҚШ-тан спортшылар келді, деп хабарлайды
ҚазАқпарат тілшісі.
Жарысқа қатысушылар 8 салмақта жүлдені сарапқа салды. Аталмыш бәсекеде еліміздің парадзюдо спорты тарихында алғаш әлем чемпионы атанған Олжас Оразалыұлы, қола жүлдегер Әнуар Сариев, Азия чемпионатының қола жүлдегері Теміржан Дəулет қарсыластарымен шеберлік байқасты. Сондай-ақ, әлем жəне Паралимпиада ойындарының чемпионы болған грузин Звиат Гогочури, Паралимпиада ойындарының қола жүлдегерлер і - румын Александру Болога мен грузин Гиорги Гамджашвили татами төрінде тайталасқа түсті.
Жалпыкомандалық есепте Қазақстан бірінші орын алды. Біздің елімізден Ерғали Шәмей (73 келі), Теміржан Дәулет (81 келі), Ғалымжан Смағұл (90 келі) және Зарина Байбатина (78 келі) чемпион атанды. Ал Гиорги Гамджашвили (66 келі), Звиат Гогочури (100 келі) және Реваз Чикоидзе (100 келіден жоғары) сынды балуандары алтын алған Грузия құрамасы екінші орынға табан тіреді. Үздік үштікті түйіндеген Румыния сапынан Александру Болога (60 келі) жеңімпаз тұғырынан көрінді.
06 сәуір 2019 ж. 367 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (1529)

23 сәуір 2019 ж.

№29 (1528)

20 сәуір 2019 ж.

№28 (1527)

16 сәуір 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 2 916 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам