Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » БАЛЫҚ АУЛАУДА САҚ БОЛЫҢЫЗ

БАЛЫҚ АУЛАУДА САҚ БОЛЫҢЫЗ

 Балық аулау және аңшылық белсенді демалыстың керемет түрі болып табылады. Алайда қауіпсіздік ережесін сақтамаса, ол қауіпті болуы мүмкін.
2017 жылғы 9 айда облыс бойынша балық аулау кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу себебінен 5 адам суға батып кетті.
– Балық аулау және шағын көлемді кемелермен аңшылық кезінде қайыққа отыру алдында қайықты мұқият қарап, ескек, ескектің тұтқасы, құтқару шеңбері мен суды құйып алуға арналған қауғаның болуына көз жеткізу қажет. Қайыққа отыруда сақ болу керек, қайықтың ортасынан басып, орындыққа бірқалыпты отыру қажет. Қайықтың бортына отыруға, бір орыннан екінші орынға көшуге, сонымен қатар бір қайықтан екінші қайыққа ауысуға, қайықты шайқауға, шомылуға және қайықтан сүңгуге тыйым салынады. Қайықтағы тұлғалар жеке құтқару құралдарын (құтқару жилеті, белбеуше, кеудеше) киіп алулары тиіс, – дейді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мамандары.
  Шағын көлемді кемелерде жеке құтқару құралдарынсыз отырып, бұзушылық жасаған тұлғаларға ескерту шарасы қолданылады немесе бір айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл (Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 583 - бабы) салынады. Түнгі мезгілде балық аулауға немесе аңшылыққа тыйым салынады.
Шағын көлемді кемелермен аңшылыққа шыққан кезде және балық аулау кезінде өзімен бірге дәрі – дәрмек қобдишасы, қолшам, жергілікті жердің картасы, өзінің тұрған жерін құлақтандыратын құралы болуы тиіс. Сонымен қатар, балық аулау алдында немесе аңшылықты бастамас бұрын таңдап алынған жерді мұқият қарау керек, спирттік ішімдік және есірткі заттарын пайдалануға тыйым салынады, қайықтың жарамдылығын, оның құтқару желетімен және шеңбермен, белбеумен жабдықталуын тексеру қажет, қайықта шелектің немесе суды құйып алатын кез келген ыдыстың болуы қажет. Оған қоса балық аулау жабдықтары мен аң аулайтын құрал – саймандарды қайықтың бортына жағалай, заттарды (киім, сөмке, чемодан) қайықтың тұмсығына, артқы жағына және орындық астына орналастыру талап етіледі.
Төтенше жағдай туындаған жағдайда "112" нөмірі бойынша құтқару қызметіне хабарласыңыз.
04 қазан 2017 ж. 1 533 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№73 (1674)

22 қыркүйек 2020 ж.

№72 (1673)

19 қыркүйек 2020 ж.

№71 (1672)

15 қыркүйек 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 11 154 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам