Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қызылордаға «Astana musical» театры келді

Қызылордаға «Astana musical» театры келді


Жастар жылы аясында «Astana Musical» Мемлекеттік театры Қызылорда қаласына гастролдік сапарымен келді.
Аталған өнер ұжымы сырбойылықтар үшін ерекше 3 туындыны ұсынып отыр. Бұл туралы Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында «Astana Musical» Мемлекеттік театрының әкімшісі Жұмажан Жұлқаш баяндады.
Қала тұрғындары 8-10 мамыр аралығында «Astana Musical» Мемлекеттік театрының қойылымдарын Н. Бекежанов атындағы қазақ музықалық драма театрында тамашалай алады. Театр репертуары үш қойылымнан тұрады: «Қыз Жібек» этно-фольклорлық мюзиклі, «Ғашық жүрек» поэтикалық-музыкалық қойылымы және «Шәмші» мюзиклі.
«Astana Musical» Мемлекеттік театрының басты ерекшелігі - шығармашылық құрамының жүз пайызы жастардан құралған. Алғашқы кезеңде театрда отыз актер болса, қазір олардың саны елуге жетті.
Құрылғанына үш жыл болған жас театр осы күнге дейін «Қыз Жібек» мюзиклімен Берлин (Германия) – Париж (Франция) – Вена (Австрия) -Брюссель (Бельгия) - Мәскеу (Ресей) бес мемлекетке гастрольдік турне жасады. Қазақстанның көптеген облыстарында гастрольдік сапарларда да болып, өнерсүйер қауымның ықыласына бөленді»,- деді Жұмажан Амандықұлы.
Тетрдың актеры Оразалы Игіліктің айтуынша, бірнеше күн бұрын Орал қаласында тұсауы кесілген «Шәмші» туындысын Қызылордалық көрермен жаңа форматта тамашалай алады. Режисерлық топтың жұмысы арқасында бір қойылым ішінде Шәмші рөлін 3 әртіс сомдамақ.
09 мамыр 2019 ж. 641 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№53 (1552)

13 шілде 2019 ж.

№52 (1551)

10 шілде 2019 ж.

№51 (1550)

06 шілде 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 4 237 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам