Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Асқынып кетсе, рак ауруына айналады: Дәрігер зиянды және зиянсыз меңнің қандай болатынын түсіндіріп берді

Асқынып кетсе, рак ауруына айналады: Дәрігер зиянды және зиянсыз меңнің қандай болатынын түсіндіріп берді


Онколог дәрігер адам денесіндегі меңнің құрылысы, өзгеріске ұшырауы мен зияны жайлы айтты. Маманның айтуынша, меңнің туабітті және уақыт өте келе пайда болатын екі түрі болады. Кей жағдайда меңнен қатерлі дерт асқынып жатады, деп жазады stan.kz..
Онколог-дәрігерлердің айтуынша, адам денесіне туабітті және уақыт өте келе пайда болатын меңдер бар. Уақыт өте денеде қалдың пайда болғанын, көптеп шыққанын байқасаңыз, дәрігерге қаралған жөн. Әдетте ондай мең 1-2 жылда айтарлықтай үлкейіп, көлемін өзгертеді. Ал, туабітті зиянсыз меңдер өз уақытымен өседі. Денеде пайда болған қара немесе көк түсті меңдер пайда болса, тері дәрігеріне қаралыңыз. Кей меңнен меланома пайда болады. Ол қатерлі дерттің ауыр түрі. Көп адам меланома өсіп, асқынып кеткенде маманға қаралып жатады.
Алайда бұндай жағдай сирек кездеседі. 30 пайыз жағдайда меңнен меланома табылады. Оларды меңнің сыртына қарап анықтауға болады. Әдетте зиянды меңнің көлемі ретсіз болады.
Зиянсыз меңнің де тез өсетін кезі болады. Кейбір қалдар ыңғайсыздық тудыратын болса, не сәнсіз бітсе косметолог маманға көрсету керек. Ал, оның алдында онколог маманмен ақылдасу керек. Ол меңді отамен алып тастауға бола ма, болмай ма соны анықтайды. Косметолог тек лазермен күйдіреді. Ондайда рак торларын жоя алмайды.
Әдетте меланома 40% жағдайда әйелдердің аяғында, 50% жағдайда ерлердің кеудесінде көп кездеседі. Ол күнге күю салдарынан болады. Әйелдер қысқа белдемшемен жүрсе, ерлер кеудесін жалаңаштап күнге күйеді. Күнге дұрыс емес күйген жағдайда оның зияны басым.
Егер адам ағзасында метастаза болса, ол рактың 4 дәрежесі. 1, 2-дәрежесі кезінде ота жасап алып тастауға болады.
Қажетсіз меңді алып тастау отасын әдетте күз-қыс айларында жасау керек. Отадан соң бассейнге, моншаға жуынуға, күнге күймеуге тырысу керек.
09 маусым 2019 ж. 799 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№80 (1579)

15 қазан 2019 ж.

№79 (1578)

12 қазан 2019 ж.

№78 (1577)

08 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 6 458 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам