Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Гендерлік саясат және қазақ қоғамындағы қазақ әйелі

Гендерлік саясат және қазақ қоғамындағы қазақ әйелі


Қазіргідей қайшылыққа толы кезеңде қазақстандық қоғамға тән гендерлік саясаттың жаңа еуразиялық моделі қалыптасқанына бәріміз куәміз. Осыған сәйкес, Қазақстандағы гендерлік саясаттың өзіндік мақсаттары айқындалды.
Олар – әйелдер мен ерлердің күштік құрылымдарда теңгерімді қатысуына қол жеткізу, экономикалық тәуелсіздікке, жеке ісін дамыту мен қызметтік өсуде тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету, отбасында өзіндік құқықтар мен міндеттерді тең дәрежеде жүзеге асыру үшін тиісті жағдай жасау, ана мен балаға айрықша әлеуметтік жағдай жасау, отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу сияқты мәселелерді шешу болып табылады. «Қазір ғылым, білім, техника, ақпарат, сауаттылық заманы. Ерлердің ісі болып есептелетін салада әйелдердің саны артып келе жатқандығын кімде болса мойындайды. Саясатпен басқару саласында әйелдердің өз орнын табуына мүмкіншілігі жеткілікті, өйткені саясатта қара күш емес, біліктілік пен қабілеттілік қажет.Қазақстан Республикасының негізгі заңы – Конституцияның 14-бабы 2-тармағына сәйкес, ешкім тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, діни көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешқандай кемсітуге болмайды.
Елбасымыздың жолдауында «Қазақстан -2050 Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты жаңа кезеңдегі әлеуметтік саясаттың маңызды құрамдас бөлігі ретінде ана мен баланы қорғау қарастырылған. Жалпы қазақ халқында ананың орны әрдайым төр. Арнайы құжат, заңсыз-ақ халқымыз қыз баланы болашақ ана деп, оның тәрбиесіне аса ыждағаттылықпен қарап, зор көңіл бөлді. Осы тарихи негізі бар ұғымдар мемлекетіміз гендерлік саясаттың іргетасы болуы тиіс.

Мадина Жүсіпбекова,
Қызылорда қаласы
№2 сотының кеңсе меңгерушісі.

30 маусым 2019 ж. 224 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№53 (1552)

13 шілде 2019 ж.

№52 (1551)

10 шілде 2019 ж.

№51 (1550)

06 шілде 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 4 226 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам