Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Аналардан алғыс алған Эльвира

Аналардан алғыс алған Эльвира


Ана болу – зор бақыт. Жүрегінің ішінде тағы бір жүрек лүпілі сезіліп жатқанын сезінген әйел заты үлкен жауапкершілік жүгін жүктейді. Болашақ ана ретінде өзін-өзі күтіп, денсаулығына мән береді. Бұл кезеңде дәрігер көмегі қажет-ақ. Осы орайда әйелдерді жүктілік кезеңнен бастап тіркеп, ай сайын қабылдауға шақырып отыру акушер-гинекологтарға жүктелген. Сондай білікті маманның бірі – қаладағы №6 емхананың акушері Эльвира Әбуова.
Аталған емханадағы гинекология бөлімі ана мен бала денсаулығына ерекше көңіл бөліп келеді. Мұнда акушер қызметін атқаратын Эльвираның жұмысын осы аймаққа қарасты жүкті әйелдер жоғары бағалайды. Онымен жүздесуге барғанымда өзінің учаскесіне қарасты үйлерді аралап, жаңа босанған және болашақ аналардың жағдайын біліп келген екен.
– Емханадағы қызметтен бөлек, үйлерге барып әйелдердің денсаулық жағдайымен танысамын. Бүгінде ана мен бала денсаулығына көп көңіл бөлінуде. Сәби өлімі азайып, туу көрсеткіші артып келеді. Осы орайда, демографиялық ахуалдың жақсаруына дәрігерлердің қосқан үлесі зор. Әр ай сайын жүкті әйелдердің қабылдауға келуін міндетті түрде қадағалаймын. Себебі, бізге жүктелер міндет қашанда салмақты. Мемлекеттің ең басты байлығы – адам және оның денсаулығы емеспе? – дейді акушер.
Ақ халатты абзал жан болу Эльвираның бала күнгі арманы еді. Дертіне дауа іздеген дімкәс кісілерге әрқашан көмек қолын созғысы келіп тұратын. Ата-анасы оның болашақ арманына қолдау білдірді. Осылайша, облыс орталығындағы медициналық колледжге оқуға түсті. Әрине, бұл саланың арқалар жүгі ауыр. Мамандығының қыр-сырын меңгеру үшін көп ізденді. Соның нәтижесінде оқу орнын үздік бағамен бітірді. Акушер болуға дайын маман екенін дәлелдей түсті.
Алғашқы еңбек жолын 2004 жылы №6 емханадан бастады. Акушер маманы атанып, саладағы жұмысына қызығушылығы күннен-күнге арта түсті. Соның нәтижесінде он бес жылдан бері қызметте абырой биігінен көрінуде. Яғни, өзіне жүктелген сенімді жауапкершілікпен арқалап жүр.
Бүгінде Эльвираның ұжымда мерейі үстем, өз ісінің нағыз маманы. Сол еңбегі бағаланып, 2018 жылы облыстық акушерлер байқауында топ жарып, «Ең үздік акушер» атанды. Одан бөлек, облыстық денсаулық сақтау басқармасының Алғыс хаттарымен марапатталған.
– Қазіргі уақытта жүкті әйелдерде қанның аздығы жиі байқалады. Олардың көбісі таңнан кешке дейін жұмыста отырып, денсаулығына селқос қарайды. Сондықтан қалайда уақыт тауып, физикалық белсенділікті арттырған жөн. Мәселен, таңғы болмаса кешкілік жұмыстан кейін бір мезгіл жаттығу жасау керек. Күнделікті қаншама әйел-ана көмегімізге жүгінеді. Әрқайсысының өмірі, тағдыры әртүрлі. Сондықтан науқаспен тығыз қарым-қатынаста болу қажет. Дені сау анадан ғана дені сау бала өмірге келеді. Мәселен әрбір әйел, отбасы баланы жоспарлау, денсаулықты күту, жүктілікке дайындыққа ерекше мән беруі керек. Себебі, ана мен бала өлімінің алдын алудың бірден бір жолы – осы. Бірақ, өкінішке орай, бұл мәселеге көп адам көңіл бөлмейді, – дейді ол.
Өз ісіне адал әрі еңбекқор Эльвира емхананың қоғамдық жұмыстарына белсене атсалысады. Абыройлы міндетті атқарып жүрген ол – асыл жар, аяулы ана, ибалы келін. Қазіргі таңда отбасында екі бала тәрбиелеп отыр.
– Халыққа қалтқысыз қызмет көрсетіп, дәрігер деген атына кір келтірмеу – басты мақсатым. Менің жұмысымның жемісі – сол. Сол үшін де болашақ аналарға кеңес беруден жалыққан емеспін. Оларға босанудың жеңіл жолдарын көрсетіп, жаттығу жасатамын. Ана бақытын сезінген келіншектердің бақытты жүздерін көру – мен үшін үлкен жетістік, – деп сөзін қорытындылады Эльвира Сайлауқызы.
Айтолқын АЙТЖАНОВА
17 шілде 2019 ж. 464 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№72 (1571)

17 қыркүйек 2019 ж.

№71 (1570)

14 қыркүйек 2019 ж.

№70 (1569)

10 қыркүйек 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 5 833 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам