Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Облыста І жартыжылдық қорытындыланды

Облыста І жартыжылдық қорытындыланды

Облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов өңірдің 6 ай ішіндегі дамуын қорытындылап, алдағы міндеттерді белгіледі.
Ағымдағы жылдың 6 айының қорытындысымен Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының барлық көрсеткіштері бойынша, өнеркәсіптік өнім көлемін қоспағанда, оң динамика қалыптасты.

«Экономикаға тартылған инвестиция 2 есе, құрылыс 2,4 есе, тұрғын үйді пайдалануға беру 21,6 пайыз көлемі бойынша және ауыл шаруашылығында 2,3 пайыз өсім қамтамасыз етілді. Соңғы 6 жыл ішінде облыста мұнай өндіру көлемі 4,2 млн.тоннаға қысқарды. Болжам бойынша, биылғы жылы тағы 1,1 млн.тоннаға қысқарады деп отырмыз. Жалпы өңірлік өнімнің 35% және өңірдегі барлық өнеркәсіп өндірісінің 70% астамы мұнай өндіруге тиесілі екенін ескерсек, бұл әлбетте экономиканың барлық салаларына тікелей және жанама әсер ететіні белгілі. Облыстың экономикалық дамуындағы өсімге қол жеткізу үшін біз аймақ экономикасын индустрияландыру арқылы әртараптандыру стратегиясын жүзеге асырудамыз. Қазіргі таңда индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылған 24 жобаның 18-і 90%-дан 100%-ға дейін жоспарлы қуаттылығын игерді»,-деді аймақ басшысы.
Айта кетейік, ағымдағы жылдың 1 жартыжылдығында шығарылған өнім көлемі былтырғы жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 18%, ал экспорт көлемі 37% артты.
Облыстың ірі инвестициялық жобаларымен қатар шағын өндірістерді дамыту бойынша да тиісті жұмыстар жүргізілуде.
17 шілде 2019 ж. 998 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№58 (1659)

31 шілде 2020 ж.

№57 (1658)

28 шілде 2020 ж.

№56 (1657)

25 шілде 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 10 810 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам