Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » «Электрондық қылмыстық іс» жобасы

«Электрондық қылмыстық іс» жобасы


Қылмыстық іс жүргізуді жетілдіру Қазақстандағы құқықтық реформалардың негізгі бағыттарының бірі болып табылады. «Электрондық қылмыстық іс» жобасы қылмыстық процесті ашық етуге және бюрократиядан құтылуға көмектеседі.
2017 жылдың 21 желтоқсанында қылмыстық іс жүргізуді одан ары жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының ҚПК-і 42-1 бабымен толықтырылды. Бұл бап бірінші рет қылмыстық іс жүргізуді электронды түрде және қағаз форматында өткізу мүмкіндігін қарастырды..
Осылайша, қылмыстық істерді қағаздан электрондыққа біртіндеп көшіру басталып, 2018 жылдың қаңтар айынан бастап сотқа дейінгі тергеп тексеру органдары қылмыстық теріс қылықтар және онша ауыр емес қылмыстар санатына жататын қылмыстырды электронды форматта жүргізе бастады.
«Электронды қылмыстық іс» модулі қылмыстық құқық бұзушылықты тіркеуден бастап, қылмыстық істі тергеу, үкімді орындаумен аяқталатын қылмыстық процестің барлық кезеңдерін қамтиды.
Қолданыстағы ҚПК-тің 42-1-бабына сейкес Қылмыстық процесті жүргізуші адам қылмыстық сот ісін өз қалауы бойынша электрондық форматта жүргізе алады және ол туралы уәжді қаулы шығарады.
Яғни, қылмыстық iсті жүргiзуші тергеушi немесе анықтаушы өз қалауы бойынша iстi электрондық форматта жүргiзу туралы шешiм қабылдайды. Бұл жағдайда барлық процестік құжаттар компьютерде жасалады немесе сканерленіп бағдарламаға енгізіледі.
Мұндай электрондық форматтағы қылмыстық істер сотқа электронды түрде жіберіледі және сот отырысы қылмыстық істің барлық қатысушыларын электронды қылмыстық іске қол жеткізуін қамтамасыз ететін компьютерлермен жабдықталған сот залында өткізіледі
Электрондық форматта қылмыстық іс жүргізудің төмендегідей айқын артықшылықтары бар.
Қылмыстық істерді электрондық формата жүргізу қаржы шығындарын қысқартуға, материалдарды бұрмалау тәуекелдерін барынша азайтуға мүмкіндік береді.
Электронды қылмыстық іс тергеудің басынан бастап прокурордың және соттың қылмыстық іс жүргізушіді қадағалауына және қылмыстық процесті жүргізуші органның процестік заңның нормаларын бұзған жағдай тез арада шара көруге мүмкіншілік береді.
2025 жылға дейін қылмыстық іс жүргізудің электрондық форматқа толық көшуін жүзеге асыру жоспарлануда. 2019 жылдың қаңтар айынан қылмыстық теріс қылықтар, онша ауыр емес қылмыстар санатына жататын құқық бұзушылықтармен қоса орташа дәрежедігі қылмыстар электронды форматта жүргізілуде.
Қазіргі таңда «Электрондық қылмыстық іс» инновациясы Алматы қаласы Бостандық ауданының №2 аудандық сотында сәтті жұмыс істеуде. Мысалыға айтатын болсақ, Алматы қаласы Бостандық ауданының №2 аудандық сотында 2018-жылы 32 электронды форматтағы қылмыстық іс қаралса, 2019-жылдың бірінші жарты жылдығының өзінде 38 электронды форматтағы қылмыстық іс қаралды.
Алматы қаласы Бостандық ауданының №2 аудандық сотының тәжірибесі қылмыстық істі электронды форматта жүргізу – қылмыстық процеске қатысушылардың құқықтарын қорғауды күшейту, процесте тараптардың бәсекелестігін күшейту және қылмыстық процестің ашықтығын қамтамасыз етудің шешім болып табылатынын растайды.

Бақытжан АЛТЫНБАЙ,
Қызылорда қаласының
№2 сотының бас маманы.
27 шілде 2019 ж. 252 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№72 (1571)

17 қыркүйек 2019 ж.

№71 (1570)

14 қыркүйек 2019 ж.

№70 (1569)

10 қыркүйек 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 5 839 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам