Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Жылыжай – мол өнім кепілі

Жылыжай – мол өнім кепілі

Қазір елімізде көкөністің сан түрі жеткілікті болып көрінгенімен, іс жүзінде отандық жеміс-жидек тапшылығы байқалады. Әдетте, жергілікті өнімдер тек жаз айларында ғана сауда сөрелерінен молынан табылатыны рас. Ал оған дейінгі уақытта біз көршілес елдерден тасымалдауға мәжбүрміз. Бұл тығырықтан шығудың жолы қайсы?
Ресми дерекке сүйенсек, соңғы бес жылда Қазақстанда жылыжай шаруашылығы 746 гектарға өскен. Оның 89 пайызы еліміздің оңтүстік өңірлеріне тиесілі. Әрине, жылыжай ісі мүлдем тұралап тұр деуге негіз жоқ. Тек одан әрі жандандыруға басымдық керек. Бұл шаруашылықты игеруде әлем елдерінің тәжірибесіне көз жүгірткен артық емес. Мәселен, халқының саны бізбен шамалас, жер көлемі бізден әлдеқайда кіші Нидерланды дүние жүзін азық-түлікпен қамтамасыз етуге қауқарлы. Бұл мемлекет тамақ өнімдерін экспорттау бойынша АҚШ-тан кейінгі екінші орында. Бір қызығы, біздегі бірқатар отандық жылыжайдың жұмысы осы елдің технологиясына негізделген. Мұнда жабық топырақта өнім өсіру әдісі қолданылады. Озық елдің жаңашыл бастамасы біз үшін де тиімді. Ал жылыжай алқабының көлемі Польшада 6000, Голландияда 10000, Түркияда 41000, Қытайда 1,5 млн гектар жерді құрайды. Олардың құрылымында қуатты өте көп тұтынатын қосымша жарықтандыру мен жылыту секілді ерекше жүйелер орнатылған. Ол сапалы әрі құнарлы өнім алуға жағдай жасайды.
Айтуға оңай, шаруашылықтың машақаты аз емес. Соған қарамастан Сыр өңірінде жылыжай шаруашылығын дамытуға баса назар аударылып келеді. Қазір аймақ бойынша барлығы 164 жылыжай бар. Жалпы жер көлемі 10,5 гектарды құрайды. Оның 90-ға жуығы нақты жұмыс істеп тұр, қалғаны өнім өндірмейді. Алдағы уақытта тоқтап қалған жылыжай жұмысын жеделдетуге байланысты нақты шаралар қабылданады. Сонымен қатар, 6,395 гектар аумақты құрайтын 43 жылыжай жаңадан іске қосылады деп жоспарлануда.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, аймақ халқын көкөніспен қамтамасыз ету үшін жалпы аумағы 89 гектарды құрайтын жылыжай қажет. Облыс басшылығының қолдауымен бағбандықпен айналысуға ынталы азаматтарға несие беру мәселесі қарастырылуда. Мәселен, Қызылорда қаласына қарасты Ақсуат ауылдық округінде 2 гектарды құрайтын жылыжай құрылысы аяқталды. Құрылыс кешенін «ҚазАгроҚаржы» АҚ қаржыландырған. Автоматтандырылған жүйеде жұмыс істейтін бұл орын алдағы уақытта мол өнімге негіз қалайды.
– Қуаттылығы жылына 900 тонна өнімді құрайтын жылыжай кешенінің құрылысы аяқталды. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында іске асырылатын электр қуаты мен сумен жабдықтау жұмысы кезек күттіріп тұр. Қазірге дейін облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы арқылы оның инфрақұрылымдық жобалары іске асырылды. Аймақтық бюджеттен бөлінген 10 млн. теңге қаржы толық игерілді. Ал биыл 5 шақырымды құрайтын аумаққа 144 электр бағанасы мен сымдар тартылды. Жылыжай кешені заманауи жабдықтауға негізделген. Бұл өз кезегінде шаруашылықтан сапалы өнім алуға мүмкіндік береді, – деді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы Жүсіп Әжібеков.
Елімізде агроөнеркәсіп саласын кешенді дамытудың 2017-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қолданысқа енгізілген. Соның аясында жылыжай көлемін арттыру міндеттелген. Осыған орай, оңтүстік аймақта бұл істі дамытуға назар аударылды. Сонымен бірге өткен жылы Алматы облысында оның көлемін 20 гек¬тарға ұлғайту көзделген бола¬тын. Бұл тұрғыда оң бастамалар бай¬қалады. Осы жылы Алматы, Астана мен Қызылорда қаласында қатты суыққа төтеп беретін жылыжай салынды.
Қысқы мезгілде ағзаға дәруменге толы жеміс-жидектер керек-ақ. Бірақ, бұл уақытта бағасы тым қымбат болғандықтан, басым көпшілігінің қолы жете бермейді. Егер ішкі сұранысты отандық шаруалар өтей алса, агроөнеркәсіп саласының дамығандығын көрсетер еді. Дегенмен, әлде бұл салаға басым-бағыт беруді ұмытпаған жөн.

Айнұр ТӨРЕМҰРАТОВА


















05 тамыз 2019 ж. 310 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№64 (1563)

20 тамыз 2019 ж.

№63 (1562)

17 тамыз 2019 ж.

№62 (1561)

13 тамыз 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 4 901 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам