Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Елімізде полицейлерге алатаяқтары қайтарылмақ

Елімізде полицейлерге алатаяқтары қайтарылмақ

ҚР Ішкі істер министрлігі жол қозғалысын реттейтін полиция қызметкерлеріне алатаяқты қайтаруға бастама көтерді. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі мәлімдеді.
«Азаматтардың келіп түскен өтініштеріне байланысты және жол қозғалысына қатысушылардың реттеуші полицейдің әрекеттерін қабылдауын жақсарту, әсіресе қараңғы және түнгі уақыттарда, сондай-ақ жол қозғалысын реттеуші полицейді қағып кету оқиғаларының алдын алу мақсатында Ішкі істер министрлігі патрульдік полиция қызметкерлерінің алатаяқты (жезл) пайдалану тәжірибесіне қайта енгізуді ұсынады», - делінген аталған ведомство таратқан ақпаратта.
Бұл ретте министрлік алатаяқтарды тек қана жол қозғалысын реттеуді жүзеге асыру үшін пайдалануды ұсынып отыр. Атап айтқанда, жол-көлік оқиғалары мен кептелістер кезінде көлік құралдарын бұру үшін, бағдаршамдардың ақаулығы немесе болмауы, ауа райының нашарлауы және автожолдарда нашар көріну және басқа да қажетті жағдайларда ғана ала таяқты қолдануға болады деп санайды. Ал көлікті тоқтату үшін ала таяқты пайдалануға үзілді-кесілді тыйым салу қажет деп есептейді.
20 тамыз 2019 ж. 237 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№72 (1571)

17 қыркүйек 2019 ж.

№71 (1570)

14 қыркүйек 2019 ж.

№70 (1569)

10 қыркүйек 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 5 833 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам