Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Аймақ басшысы Арысқа барды

Аймақ басшысы Арысқа барды

Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов Арыс қаласына жұмыс сапарымен барды. Онда Сыр өңіріне бөлінген №6 аумақтағы қалпына келтіру жұмысын аралап, халыққа қызмет көрсету кешенінің құрылысымен танысты. Бұл аймақта 268 тұрғын үй, 5 әлеуметтік және 10 кәсіпкерлік нысан орналасқан. Қазіргі таңда жарамсыз деп танылған үйлерді бұзып, оның орнына жаңа баспана сатып алынды. Ал қалған үйлерге құрылыс жұмыстары қайта жүргізіліп, жөндеуден өткен. Аталған іске 20 құрылыс мекемесі атсалысып, жүктелген міндетті толық аяқтады.
Сондай-ақ аймақ басшысы Түркістан облысындағы халыққа қызмет көрсету кешенінің құрылысымен танысты. Жалпы ауданы 3 мың шаршы метрді құрайтын шығыс үлгісіндегі монша тәулігіне 100 келушіні қабылдай алады.
Облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов халық игілігіне берілетін әлеуметтік нысандар белгіленген уақытта толық аяқталатынын жеткізді. Бүгінгі таңда кешен қабырғалары мен бағаналарына ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде.  

Айнұр ТӨРЕМҰРАТОВА


21 тамыз 2019 ж. 206 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№72 (1571)

17 қыркүйек 2019 ж.

№71 (1570)

14 қыркүйек 2019 ж.

№70 (1569)

10 қыркүйек 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 5 833 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам