Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Конституция күніне арналған салтанатты жиын өтті

Конституция күніне арналған салтанатты жиын өтті


Н. Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық музыкалық-драма театрында Конституция күніне арналған салтанатты жиын өтті. Облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов қызылордалықтарды мерейлі мерекемен құттықтады.
"Конституцияның өзекті ережелеріне сүйене отырып, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сындарлы саясатымен ел тағдыры үшін өмірлік маңызы бар жаңарулар жүргізілді. Бүгінгі күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен Тәуелсіз еліміз жаңаша қадамға жол ашып келеді. Ата Заңның аясында халықтың әл-ауқатын арттыруға қарқынды жұмыстар қолға алынды. Тұрмысы төмен, әлеуметтік жағынан аз қамтылған азаматтар мен отбасылар үшін атаулы әлеуметтік көмектер беріліп, тұрғын үйлермен қамтамасыз етілуде. Жоғары және кәсіби орта білім алам деген жастарымыз үшін жол ашылып, гранттардың түрі көбеюде. Ұстаздардың еңбекақысы кезең-кезеңімен төрт жыл ішінде екі есе өседі. Бір сөзбен айтқанда, Конституция Тәуелсіздігіміздің кепілі ретінде бірлігімізді бекемдеп, экономикамызды нығайтуда, әлеуметтің әлеуетін арттыруда берік тұтқаға айналды", - деді аймақ басшысы.
Іс-шара мерекелік концертпен жалғасты.
30 тамыз 2019 ж. 563 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№12 (1613)

15 ақпан 2020 ж.

№11 (1612)

11 ақпан 2020 ж.

№10 (1611)

08 ақпан 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
242526272829 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 8 372 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам