Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қылмыстық құқық бұзушылық істермен медиация заңының қолданылуы

Қылмыстық құқық бұзушылық істермен медиация заңының қолданылуы


Сот төрелігінің негізгі мақсаты, – қылмыс жасаушыларға бірыңғай қатаң жаза тағайындау емес, адамның құқығы мен бостандығын қорғау және қалпына келтіру. Елімізде жүргізілген қылмыстық заңнамаларды ізгілендіру екі түрлі тәсілмен жүзеге асырылуда. Оның біріншісі – заңдардан сотталуға жататын ұсақ-түйек қылмысты қарайтын баптарды алып тастау да, екіншісі – қалпына келтіру және екі тараптың бітімге келіп, кешірім беріп, татуласуларына байланысты іс жүргізуді тоқтату.
Қазақ халқының өткеніне көз жүгіртетін болсақ, ол кезеңде билер тәжірибесі мектебінің болғаны, қазақ даласынын демократиясының жарқын көрінісі ретіде көрініс алғаны, қарапайым халық пен ауылдардың, рулы елдердің, жеке адамдардың араларындағы туындаған даулардың түйінді шешімдерін, бірлік пен ынтымақтың, ауызбіршіліктің, қарапайым ұлылықтың қаймағын бұзбай, алымды, данагөй, дуалы ауызды, сөздерінің ұмытып айта білетін, отты, орақ тілді би бабаларымыз, көсем де шешен ақсақалдар мен аталарымыз, әділ, тура кесім айтып шешіп үлкен елдік пен ірілікпен, бітімкершілікке келтіріп, шеші бағытындағы дәстүрлі тәжірибе болғаны баршамызға белгілі.
Бұл әрине сонау әлімсақтан, бізге деген ғасырлық тәжірибеден бізге жеткен қазақ ұлтының өмірлік тыныс тіршілігі мен салт дәстүрінен келе жатқан құнды тәжірибелер емес пе.
Қазіргі таңда даулы мәселелер ұлғайып, сотқа жүгінушілер саны жылдап артып жатқаны статистикалық дерекетерден белгілі.
Бітімге келу, татуласу, бір-біріне кешірім жасау тәжірибелерінің біздің отымыздың өткен тарихи тірлігінде бар болғаны бәрімізге аян.
Елімізде, осындай өмір шендік тәжірибе негізінде, қылмыстық заңнамаларды ізгілендіру бағытында, Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңды ел басшымызбен қабылданды.
Медиатор, кәсіби және кәсіби емес негізде медиация жүргізетін тәуелсіз жеке тұлға болып табылады.
Медиатордың міндеті, өзінің бейтараптығымен – әділеттілікпен, дауласып жүгінген екі жақты татуластырып, келісімге келтіріп, келісім-шартқа қол жеткізу.
Қазіргі таңда әлемдегі мемлекеттерде медиация институтының тәжірибелеренің өміршендігі негізінде көптеген даулы мәселелердің бітімге келу арқылы оң шешімдерді тауып жатқаны айқын.
Медиаторға судьяның өкілеттігі, шешім қабылдау, оны орындату құқығы берілмеген, керісінше ол тараптардың өзара тиміді бітім арқылы келісімге келулеріне ықпал жасайды.
Медиация тәжірибесінің мақсаты билер соты сияқты дауласушы тараптардың дауласушылық деңгейін төмендетіп, тараптарды бітімге келтіріп татуластыруға қол жеткізу.
Медиация институтының еңгізілуі, сот өндірісне түсетін арыздар, өтініштер, қаралатын істер саны азайатыны, және істердің қаралу сапалары артып, сапалы сотактілері қабылдануына септігі болатыны белгілі.


А.Сайдуллаев,
Қызылорда қаласы №2 сотының судьясы
28 тамыз 2019 ж. 96 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№72 (1571)

17 қыркүйек 2019 ж.

№71 (1570)

14 қыркүйек 2019 ж.

№70 (1569)

10 қыркүйек 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 5 833 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам