Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Туған тілдің тұғыры биік

Туған тілдің тұғыры биік

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдауында бүгінгі күнгі қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесіне баса назар аударды. Алдағы уақытта туған тіліміздің мәртебесі күшейіп, ұлтаралық қатынас құралына айналатынын жеткізді. Сондай-ақ, бұған дейін қазақ жазуында қолданып келген әліпбиді латын қарпімен ауыстыру кезең-кезеңімен жалғасын табатын болады. Бұған дейінгі кездесулерде де Мемлекет басшысы тіл тақырыбына қатысты ұтымды ойын білдіріп келді. Қазіргі жаһандану заманында бұл мәселе ешқашан өзектілігін жоймайды.
Бұрынғы кезеңде тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Осы мақсатта нысаналы индикаторларға қол жеткізу үшін облыстық ішкі саясат басқармасының «Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығы» өңірдегі мемлекеттік және бюджеттік сала қызметкерлері мен өзге ұлт өкілдеріне мемлекеттік тілді деңгейлік оқыту курстарын жүргізіп келеді. Онда жыл сайын ҚАЗТЕСТ диагностикалық, сертификаттық тесті сынағын өткізіп, жергілікті азаматтардың халықаралық стандартқа сай тіл білу сауаттылығын арттыру бағытында жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар, Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында көтерілген қазақ тілін латын қарпіне көшіру жұмыстарына жоспарланған кезең бойынша атсалысуда. 2020-2024 жылдарға арналған «Мемлекеттік тіл және Қазақстан халқының тілдері» атты мемлекеттік бағдарламасы қабылданбақ. Онда қазақ тілінің ұлттық, мемлекеттік және еліміздегі этносаралық қызметі толық қамтамасыз етіледі.
Ортақ шаңырағымыз – Қазақстанның гүлденуі жолында еліміздің әрбір азаматы жауапкершілігі мен міндетін сезіне отырып, өз үлесін қосуы тиіс.


Нұрсәуле МҰСАЕВА,
«Тілдерді дамыту орталығының» директоры

02 қыркүйек 2019 ж. 252 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№72 (1571)

17 қыркүйек 2019 ж.

№71 (1570)

14 қыркүйек 2019 ж.

№70 (1569)

10 қыркүйек 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 5 786 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам