Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Татуластыру – тағылымды іс

Татуластыру – тағылымды іс


Кез келген дауды татуласу арқылы шешуге болады. Медиацияны насихаттау үшін тұрақты жұмыс істейтін, жұмыстың заманауи жүйесі негізінде шиеленістерді бейбіт жолмен реттеу орталығын құру қажеттігі туындаған.
Медиация ұғымы қазақ халқы үшін жаңалық емес. Дауласушы жақтарды билердің көмегіне сүйене отырып татуластыру қазақ халқының тарихында ежелден орын алған.
Татуласу рәсімдерін жүргізу үшін сотта медиация кабинеті қызмет істеуде, онда тараптардың бейресми жағдайда үшінші, мүдделі емес тараптың – татуласырушының көмегімен жанжалды шешу мүмкіндігі бар. Мұндай тәсіл дау тараптарына орын алған оқиғаға жаңа көзбен қарап, өзара түсіністікке келуге мүмкіншілік береді.
Медиация тараптардың ерікті келісім негізінде жүзеге асырылады. Медиатордың көмегімен нақты шешімге жету жолында тараптар арасындағы дауды медиатордың көмегі арқылы реттеу процедурасы жүзеге асады.
Даулы мәселені бітімгершілік келісімге келу жолымен шешу азаматтық сот өндірісінде азаматтық құқықтық қатынастың қатысушылары арасында дауды шешудің баламалы жолы ретінде болып табылады.
Бітімгершілік келісім институтының дамуы даулы мәселені екі тарапқа да тиімді жағдайда шешуге оңтайлы әсерін тигізеді.
Бітімгершілік келісімнің тәртібі сақталмаған жағдайда тараптар оны мәжбүрлі түрде орындату туралы атқару парағын шығаруды талап етуге құқылы. Сот тәжірибесі бітімгершілік келісіммен қаралған азаматтық істердің негізгі бөлігі ерікті түрде орындалатынын көрсетеді.
Қазіргі таңда Еліміздің мақсаты – еркіндік, теңдік және татулық мұраттарына берілген бейбітшілік азаматтық қоғам құру. Бұл жағдайда жеке және заңды тұлғалардың арасында туындаған даулар бітімгершілікпен немесе медиация, партисипативтік тәртібімен келісім арқылы шешіліп жатса, дауласқан тараптардың ұтпаса, ұтылмасы анық. Сондай-ақ алдағы уақытта араларындағы сыйластықтың нығайтуына бірден – бір септігін тигізеді.

Е.САҒЫНДЫҚ, .Қызылорда облысының мамандандырылған
ауданаралық экономикалық сотының
сот приставы
24 қыркүйек 2019 ж. 701 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№14 (1615)

22 ақпан 2020 ж.

№13 (1614)

18 ақпан 2020 ж.

№12 (1613)

15 ақпан 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
242526272829 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 8 435 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам