Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » "Екінші Төлегенова". Қызылордалық ерекше дауыс иесі Қазнетті таңғалдырды

"Екінші Төлегенова". Қызылордалық ерекше дауыс иесі Қазнетті таңғалдырды

   Күні кеше әлеуметтік желіде даусы ерекше әжей желі қолданушыларын таңғалдырды. Tengrinews.kz тілшісі жезтаңдай әншінің кім екенін анықтады. Видеодағы әнші - Миуа Төлегенова. Ол - Қызылорда өңірінің тумасы. Бүгінде зейнетке шыққан. Әнші жайлы немере әпкесі Рауия Опабекова әңгімелеп берді.
"Миуа қазір сәл ауырыңқырап қалғандықтан сіздермен байланыса алмады. Жалпы ол музыка-педагогика факультетінде оқуын жақсы бітірген соң сол факультетте "дауыс қою" (вокал) сабағынан дәріс беріп, зейнетке сол жерден шықты. Облыстық "Сыр сұлуы" ән-би ансамблінің солисі, бишісі болды. Ансамбльмен шетелдерге шығып жүрді. Оның ішінде Йемен, Корей елдеріне де барып келген", - дейді әншінің әпкесі.
Опабекова ерекше дауыс иесінің бірнеше рет жеке концерт бергенін атап өтті. "Жақсының жақсылығы айтылса, оның несі айып? Миуа сіңлім барлық қошеметке лайық деп есептеймін. Миуа ҚР Мәдениет қайраткері атанған. Қызылордада бірнеше концерт берген. Қазір де Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті жанынан ұйымдастырылған "Сыр сұлуы" вокалды ардагер-әжелер ансамблінде ән салып жүр", - дейді Рауия Опабекова.
Желіде әншіні танып, ерекше дауыс иесіне таңғалып, жылы сөздерін жазған қолданушылар да болды. "Бұл апа Миуа Төлегенова. Қызылорда Мемлекеттік Универстетінің ән музыка кафедрасының аға оқытушысы болып, еңбегі еленіп зейнетке шыққан. Қазір науқастануына байланысты толқып отырған сияқты, диапазоны кең, күміс таңдай", "Миуа Төлегенова! Даусы таза бұлақтың суындай сылдырлап тұр. Қазақ даласының ұлылығын, даусы дала үнімен үндесетін ерекше жан", "Екінші Төлегенова!", - дейді желі қолданушылары.
15 қазан 2019 ж. 476 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№88 (1587)

12 қараша 2019 ж.

№87 (1586)

09 қараша 2019 ж.

№86 (1585)

05 қараша 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 6 907 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам