Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Әнші Жазира Байырбекова 22 жылдан кейін екінші баласын босанды

Әнші Жазира Байырбекова 22 жылдан кейін екінші баласын босанды

   Жұлдызды жұп Жазира Байырбекова мен Жанболат Ербатыров 22 жылдан кейін екінші перзентін сүйді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сүйінші хабарды әнші Instagram желісіндегі парақшасында хабарлады.
"Бірнеше ай бұрын отбасымызда болған қуанышымызды бөлісуге әкемізден бүгін рұқсат алдық!", - дейді әнші жазбасында. Жұлдыздың үлкен ұлы Қазбек Қожахметовтің айтуынша, сәбидің есімін Дара деп өзі қойған. Бұл туралы да Қазбек Instagram желісіндегі парақшасында айтқан.  "Бұл жаңалыққа алғаш сіздер куә болып тұрсыздар. Өмірге бір адам ел жаулау үшін, бір адам ел басқару үшін, бір адам махаббаты үшін, ал мен жанұяма қызмет ету үшін келдім. Ата-анама тек баласының рөлін сомдап емес - досы, директоры, қамқоршысы, көмекшісі, екі жұптың халықты қуантуға септігін тигізуші ретінде Құдайдың маған берілген тапсырмасын түсінгендеймін. Дара қарындасымды қандай жоспар күтіп тұрғаны бізге беймәлім. Бірақ, Дара есімін қойған себебім, 22 жыл үзіндіден кейін табылған, ерекше күнтізбе туылған, біздей мықты отбасын таңдаған, ең бастысы Қазақ елінде туылған, ерекше - Дара атқа ие болды!", - дейді әншінің ұлы. 
Жұлдызды жұпты құттықтап әнші Салтанат Бақаева, Динара Қырықбаева, Мадина Сәдуақасова, Гүлнұр Оразымбетова және Қарақат Әбілдина жылы лебіздерін білдіріп, пікір жазған. Айта кетейік, Жазира мен Жанболат 1996 жылы 7 маусымда шаңырақ құрған. Олар Жазира бірінші курс, Жанболат екінші курс студенті болып жүрген кезде танысқан. Алғашында аға-қарындас ретінде араласып жүрген. Артынша олардың таныстығы махаббатқа ұласқан.


03 желтоқсан 2019 ж. 358 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (1595)

10 желтоқсан 2019 ж.

№95 (1594)

07 желтоқсан 2019 ж.

№94 (1593)

04 желтоқсан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 7 382 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам