Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Cерік Ибрагимов әнші ағаларын әшкереледі

Cерік Ибрагимов әнші ағаларын әшкереледі

  Отандық танымал әнші Серік Ибрагимов "Қызық пнемия" марапаттау рәсімі кезінде бірқатар өнер жұлдыздарын ұятқа қалдырды. Ол өзімен бір сахнада жүрген әнші ағаларының ішінен қайсы плагиатқа көп жүгінетінін елдің көзінше жайып салды. Эстрада өкілінің әріптестерін әшкерелеген сәті өте күлкілі әрі қызықты болғаны сонша, тіпті кеш жүргізушілері де күлкісін тыя алмаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Серік Ибрагимовтың қатысуымен болған ерекше сәтті белгілі отандық әзілкеш Еркебұлан Мырзабек желіде жариялаған. Ол әріптес ағаларын әшкерелеген әншінің бейнежазбасымен Instagram парақшасында бөліскен.

Аталмыш видеода өнер иесінің "Жыл плагиаты" жүлдесін табыстауға шыққанын көруге болады. Дәл осы номинацияны 2018 жылы жеңіп кеткен Ибрагимов бұл жолы өзінің сүйікті марапатын өзге әншіге беруге қимайтынын жасырмады.

Әртіс ел күтпеген бұл мәлімдемесімен тоқтап қалмай, отандық шоу-бизнесте плагиатшыл әншілер өте көп екенін жайып салды. Ол тіпті, өзгенің әнін ұрлауды енді ғана бастап, плагиатшылар қатарына жаңадан кірген өнер жұлдыздарын атады.

Ибрагимовтың сөзінше, енді бұл салаға Абай Бегей, Асхат Тарғын, Жігер Ауыпбаев, "Диета KZ", Мұхтар Ханзада және т.б әншілер қосылған.

Айта кетейік, бұған дейін Серік Ибрагимов бастаған бірқатар өнер жұлдыздары атышулы "Қалаулымды" жабуды талап еткен болатын.
21 қаңтар 2020 ж. 924 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№59 (1660)

04 тамыз 2020 ж.

№58 (1659)

31 шілде 2020 ж.

№57 (1658)

28 шілде 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 10 825 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам