Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » #Бізбіргеміз челленджі: Танымалдар жарысып қар тазалауға кірісті (фото, видео)

#Бізбіргеміз челленджі: Танымалдар жарысып қар тазалауға кірісті (фото, видео)

   Елорда жастары әлеуметтік желіде қар тазалау бойынша челленджді бастады. Олар тұрғындарды өз ауласындағы қарды тазалап, оны бейнежазбаға жазып, #Бізбіргеміз хештегімен әлеуметтік желіге салуға шақырады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Волонтерлер аталмыш челленджді бастау идеясын қалың қардың түсуі мен коммуналдық қызмет жұмысшыларына қолдау көрсетумен байланыстырады. Бүгінгі күннің өзінде елорда еріктілерін белгілі әзіл-сықақшы, тележүргізушісі Тұрсынбек Қабатов, журналист, тележүргізуші Асхат Садырбай , «Назар аудар» театрының әртістері қолдады.
"Біздің қаламыз, еліміз - ол біздің үлкен үйіміз. Әр азамат қала тазалығына, тәртібіне өз үлесін қосу керек. Біз коммуналдық қызметкерлерге осылай көмектескіміз келеді. Бүгін біраз қалың қар түсті. Біз бұл бастаманы қолдаймыз және де басқа әріптестерімізді бізді қолдауға шақырамыз", - деді Тұрсынбек Қабатов.
Сонымен қатар, ол эстафетаны «Формат» тобына, «А.И.» музыкалық-театр орталығы мен «Астана» футбол клубына табыс етті.
Бұл орайда қар тазалау бойынша акцияны волонтерлер үнемі өткізіп тұратындығын айта кеткен жөн.
Естеріңізге салсақ, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен 2020 жыл "Волонтерлер жылы" болып жарияланған болатын.



23 қаңтар 2020 ж. 602 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№58 (1659)

31 шілде 2020 ж.

№57 (1658)

28 шілде 2020 ж.

№56 (1657)

25 шілде 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 10 809 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам