Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » "Көре алмайды": Тікелей эфирде Бауыржан Ибрагимовты көрермен қатты сынап тастады

"Көре алмайды": Тікелей эфирде Бауыржан Ибрагимовты көрермен қатты сынап тастады

Танымал әзілкеш, "Бауыржан-Шоу" әзіл-ысқақ театрының көркемдік жетекшісі Бауыржан Ибрагимовты тікелей эфирде көрермен қатты сынап тастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Ниет" бағдарламасына сілтеп хабарлайды.
"Арзан күлкі керек пе?" тақырыбында пікірталастырған әзілкешті жас өнерпаздарды қолдамайды деген айып тақты тікелей эфирге қоңырау шалған көрермен. 
"Менің есімім Аружан болады. Қарағанды қаласынан қоңырау соғып тұрмын. Бауыржан ағама пікірімді білдірейін деп едім. Соңғы кездері сұхбаттарыңызды инстаграмнан байқап қалып жатырмын. Сіздің тарапыңыздан жастарға деген қолдау жоқ. Мысалы, Есен аға жастарды әрдайым қолдайды. Ал Бауыржан аға сұқбаттарында "Тұрсынбекті актер ретінде санамаймын", "басқасын да мойындамаймын" деген пікір айтады. Кезінде Бауыржан ағамыз сұранысқа ие болды. Ренжімесін, бірақ қазіргі таңда сұраныс азайған соң, көре алмаушылықпен осылай айта ма деп ойлаймын. Осы жағынан жастарды артқа тартады", - деп ішіндегісін бүкпесіз айтып тастаған Аружанға Ибрагимов былай деп жауап қайтарды. 
"Осы туралы (арзан күлкі туралы - ред.) тағы бір интервью бердім. Тағы да түсінбеушілік болып жатыр. Мен кәсіби деңгейде айтқанмын. Актер санамаймын дегенді қайта айтамын. КВН-нің бір баласын актер санамаймын. Олар өз орындарын біледі. Актер -  дипломы бар бір ұстаздан тәлім алған маман. Образ жасайтын, драмалық костьюмен, гриммен жүретін адамдарды мен актер деймін. КВН-де ойнайтын балалардың талантына, шығып жүргеніне қарсылығым жоқ. Бірақ кәсіби деңгейде оларды актер санамаймын. Олар конфаранция, орындаушылар, тамаданың деңгейіндегі адамдар. Бірақ кәсіби актер емес", - деді шоумен. 
03 ақпан 2020 ж. 664 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№39 (1640)

26 мамыр 2020 ж.

№38 (1639)

23 мамыр 2020 ж.

№37 (1638)

19 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 9 990 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам