Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » "Үйге барып, әйелімді құшақтағанша асығам": Тәуекел Мүсілім алғаш рет жары туралы айтты

"Үйге барып, әйелімді құшақтағанша асығам": Тәуекел Мүсілім алғаш рет жары туралы айтты

   Көп сұлудың арманы болған актер Тәуекел Мүсілім алғаш рет жұбайы жайлы сұхбат берді. Айтуынша, бойдақтықпен қоштасу қиын болмаған. Керісінше отбасылық өміріне риза екенін айтты. Бұл туралы shownews.kz сайтын хабарлайды.
Тәуекел жарының болашақта дәрігер болатынын айтады. Әзірге 7-курс студенті. Жақында ғана отау құрған актер тойды жаз айында өткізуді жоспарлап отыр. 
"Қазір бұрынғыдай емес үйге асығамын. Анамды көруге, әйелімді құшақтауға асығып тұрамын. Әйелім қазір де оқып жатыр. Тағы екі жыл оқуы мүмкін. Болашақта өз мамандығымен жұмыс істейді. Алайда кино әлемінен алыс болады. Ал, сұлулыққа қатысты жұмыстары оның жай ғана хоббиі дейді", - деді актер. 
Тәуекел жарын кино әлеміне әкелгісі келмесе де, бейнебаяндарға түсуге қарсылығы жоқ. Өзі де өнер әлемінде жүргендіктен кейбір келеңсіздіктерді алдын ала түсіндіргенін жеткізді. 
"Түсірілім кейде көп уақытқа созылатынын, түнде болатынын, кейбір келеңсіздіктер болатынын алдын ала айтқанмын. Оның бәріне түсінікпен қарайды. Оның адамгершілігі, тәрбиесіне көңілім толады. Бір көргеннен ғашық болдым. Кейін болмысын таныған соң сезімім ұлғая берді", - деді Тәуекел.
08 ақпан 2020 ж. 460 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№38 (1639)

23 мамыр 2020 ж.

№37 (1638)

19 мамыр 2020 ж.

№36 (1637)

16 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 9 952 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам