Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Айгүл Иманбаева көзіне жас алды

Айгүл Иманбаева көзіне жас алды

 Бірнеше жыл әкесімен араласпай келген Айгүл Иманбаева соңғы кезде сағынып жүргенін айтады. Эфирде әкесінің даусын телефонда естіген әнші жылап жіберді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі TALKLIKE бағдарламасына сілтеме жасап. 

«Өмірде, өнерде де бастан біраз жағдайларды өткіздік қой. Балалық шақ, қазіргі кезім де бар. Өмірімде кәдімгі орны толмай тұрған дүниелер бар. Бір жағы үңгір болып тұрғанда, мен соны басқа жақтан толтырамын. Кейбір сәтте өзіңді-өзің алдау бар. Сол орын менде толып тұрған болса, мына жақта фанат болмай, екеуінде де бір баланс болар ма еді деймін. Ол жеке өмірімде бағымжанбай жатыр, қасымда ешкім жоқ деген нәрсе емес. Бірақ бәрібір де сол орын болуы керек, толу керек. Өйткені Жаратушы адамнан бастап дан-жануарға дейін өзінің теңімен жаратқан. Әлемнің қай түкпірінде жүргенін білмеймін бірақ сол жер үңірейіп тұрғаны рас. Енді сол орын бос тұрған соң, мен барлық энергиям тек өнерге ғана жұмсалады. Бұл ішімде жатқан трагедиям ба білмеймін. Менде комплекс жоқ. Біреу тағдырыма, өміріме күліп жатыр екен деп ойламаймын», – дейді Айгүл Иманбаева.
Әнші көптен араласпай кеткен әкесін қатты сағынғанын айтты. Алайда ауылына барып, әкесін көруге әлі де уақыты болмай жүр екен.
«Әкеммен табысып, араласқан жылы бүкіл тумаларымен де араластым. Сол жылдары інім отбасын құрып жатты. Сол қуаныштан мәре-сәре болдық. Кім біледі қай жағынан қателік болды. Сол кезде де араға 35 жыл салып әкеммен араласқаныммен сол жеріне жете қоймадым-ау деп ойлаймын. Ренжідім кезінде. Сол «Айтылмаған әңгіме» жобасын жасаған редакторларға, продюсерлерге де айтып жүрмін. Соңғы жарты жылда өзім ой түсдім. Осыдан жарты ай ғана бұрын ішімнен үзіліп әкемді сағындым. Жасырмай-ақ қояйын ондай сезім өмірімде болған емес. Сол кезде әкемнің нөмірін сұрап қарындасына хабарластым. Америкаға виза жасатып жүргенде әкемнің құжаттары да керек болды. Сол кезде қарасам, әкем биыл 70 жасқа толады екен. Өзіме есеп беріп отырғанда қатты сағынып кеттім. Көргім келді. Бірақ әлі барған жоқпын. Ол кісі ауылда тұрады. Астанаға көшкеніме байланысты жол да алыс. Көктемге қарай барып қайтуды ойлап отырмын. Ол кісіге алғыс айтқым келеді», – дейді әнші. 
12 наурыз 2020 ж. 630 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№52 (1653)

11 шілде 2020 ж.

№51 (1652)

08 шілде 2020 ж.

№50 (1651)

04 шілде 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 10 646 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам