Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Айгүл Иманбаеваның әкесі қызымен табыстырғаны үшін журналист Аман Тасығанға алғысын айтты (видео)

Айгүл Иманбаеваның әкесі қызымен табыстырғаны үшін журналист Аман Тасығанға алғысын айтты (видео)

Айгүл Иманбаева ұзақ жылдан кейін әкесімен қайта кездесті. Қызы мен әкесінің табысуына журналист Аман Тасыған себепкер болды. 

Бұған дейін Аман Тасығанның TALKLIKE  бағдарламасында әдемі сұхбат құрған актриса Айгүл Иманбаева әкесімен қауышты. 
Актрисаның айтуынша, ол әкесімен бірнеше жылдан бері араласпай әкелген. Сұхбат кезінде орайы түсіп, журналистің өтінішімен ол әкесіне қоңырау шалды.  
Ертесі уәде бойынша келісілгендей қызы мен әкесі кездесті. Әнші әкесімен бірге түскен видеосын желіге жариялады. 
"Аман, кешегі сенің сұхбатыңнан соң менің қандай байлық тауып алғанымды білесің бе? Мен әкемді таптым. Аман Тасыған деген журналист жігіт бар, әке. Біздің табысуымызға себепкер болған. Аман саған рахмет", - деді Иманбаева.
Қызымен жолықтырғаны үшін Серікқұл Иманбай да алғысын жолдады.
"Рахмет, Аман балам, рахмет. Бақытты бол! Жасың ұзақ болсын!", - деді әкесі.
Бұған қатысты Аман Тасыған өз ойын жазды. 
"2013 жылы "Айтылмаған әңгіме" ток-шоуында Айгүл Иманбаева жайлы сөз қозғадық. Бағдарлама кезінде абайсызда әкесі мен қызының арасын алшақтатып алған едік. Енді жақында сол қатынасты байқаусызда қайта жалғап жібердік. Ардақты, Айгүл Иманбаева, байлығыңды енді жоғалтып алмашы", - деп жазды ол.
Бұған дейін бағдарлама барысында актриса әкесіне қоңырау шалып, тіл табысқан болатын.
View this post on Instagram

2013 жылы «Айтылмаған әңгіме» ток-шоуында «Қордайдан шыққан ханшайым» атты Айгүл Иманбаеваға арналған бағдарлама болды. Бағдарлама барысында енді жақындасып келе жатқан әке мен қыздың арасын абайсызда алшақтатып алған едік. Сол жылдардан бері менің де санамда сан сұрақ жүрді. Арада жеті жыл өткен соң, «TalkLike» жобасында Айгүл Иманбаевамен сәті түскен сұхбат кезінде байқамай үзіп алған қатынасты байқамай жалғап жібердік. Сұхбат барысында соғылған қоңыраудан кейін, әке мен қыз кездесіп сағаттап сырласыпты. Әкені жоғалтудың қаншалықты қиын екендігін «TalkLike» жобасындағы Айгүлдің сұхбатын көрген адам түсінеді. Ардақты Айгүл Иманбаева, бар байлығыңды енді жоғалтып алмашы?! @aigul_imanbayeva @aigul_imanbayeva

A post shared by Тасыған өмірде,Аман жүріңіздер (@amantasygan88) on

26 наурыз 2020 ж. 506 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№53 (1654)

14 шілде 2020 ж.

№52 (1653)

11 шілде 2020 ж.

№51 (1652)

08 шілде 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 10 655 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам