Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қызылордада танымал айтыскер ақын Аян Сейітовке есірткі тасымалдағаны үшін іздеу жарияланды

Қызылордада танымал айтыскер ақын Аян Сейітовке есірткі тасымалдағаны үшін іздеу жарияланды

WhatsApp мессенджерінде танымал айтыскер ақын әрі әнші Аян Сейітовті іздеу жұмыстары жүріп жатқаны туралы хабарлама таралып кетті. Бағыттама мәтінінде Сейітовтің есірткі затын заңсыз иеленіп, сақтап, халық денсаулығына қатысты қылмыстық теріс қылық жасағаны жазылған, деп хабарлайды NUR.KZ.
Аян Сейітовті іздеу жұмыстарына арналған бағыттаманы Қызылорда облысы Арал аудандық полиция бөлімі таратқан.
«Аян Сейітов Арал ауданынан таксиге отырып, Ақтөбе қаласына қарай жол тартқан кезінде ұсталды. Ол күдікті көрінген соң, полицейлер тексеру жүргізген. Тексеру барысында Аяннан 975,62 грамм марихуана табылды. Ол алдымен Сексеуіл ауылына келіп, кейін Аралдан Ақтөбеге бет алған болатын. Бұл қылмыстық теріс қылық саналады. Сол себепті, оны қамауға рұқсат жоқ. Тек қолхатпен босаттық. Бұл қаңтар айында болған оқиға. Кейін Аян Сейітов 24 ақпан күні өтетін сотқа келген жоқ. Өз еркімен келмеген соң, біз іздеу жұмыстарын бастап, бағыттама жариялап жатырмыз», – дейді Арал аудандық полиция бөлімінің мамандары.
Бағыттамада Аян Сейітовтің қызық түсті курткасы, қара түсті шалбары және қара түсті етігі бары жазылған. Бойы 175-180 сантиметр, шашы қара түсті, қалың, дене бітімі арықша келген.
Айта кетелік, Аян Сейітов халыққа айтыскер ақын ретінде танылды. Кейін әншілікке бет бұрған оның «Ауылым» атты әні елге кеңінен таралды.
Сондай-ақ, Аян Сейітов Төреғали Төреәлі, Қайнар Алагөзов және Құрал Молжановпен бірге «Достығымыз жарасқан» атты концерт өткізген болатын.
09 сәуір 2020 ж. 747 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№38 (1639)

23 мамыр 2020 ж.

№37 (1638)

19 мамыр 2020 ж.

№36 (1637)

16 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 9 967 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам